№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ – ТУҒАН ЖЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ!

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ – ТУҒАН ЖЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ!

Тарихтың ізі қалған әрбір ескерткіш – өткеннің үнін бүгінге жеткізетін қасиетті мұра, ұлт жадының өшпес белгісі. Оны сақтау – тек тасқа қашалған тарихты қорғау емес, ата-бабадан қалған аманатқа адалдық танытып, келер ұрпақтың рухани танымына құрмет көрсету.
Осы мақсатта «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері «Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында аудан аумағындағы ескерткіштердің айналасын тазалап, игі іске үлес қосты.
Бұл – жай ғана тазалық жұмысы емес, туған жердің тарихына деген жанашырлықтың, елдік құндылықтарға деген құрметтің көрінісі. Өйткені туған жерді сүю – оның әрбір тасын қадірлеуден, тарихи мұрасын көздің қарашығындай сақтаудан басталады. Ал ортақ мүлікке ұқыптылықпен қарау – мәдениетті қоғамның, саналы ұрпақтың айқын белгісі.
Вандализмге қарсы тұру тек бүлінген дүниені қалпына келтірумен шектелмейді. Ол – әр адамның бойында жауапкершілік қалыптастыру, қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қарау және тарихи мұраны қорғауды азаматтық парыз деп түсіну. Себебі бүгінгі немқұрайлылық ертеңгі ұрпаққа орны толмас өкініш қалдыруы мүмкін.
Жастардың осындай бастамалары қоғамға ой салып, ізгілікке үндейді. Туған өлкенің тарихын қастерлеп, оның келбетін көркейтуге үлес қосу – сөзбен емес, нақты іспен дәлелденетін азаматтық ұстаным.
Тарих – халықтың жады, ескерткіш – елдіктің белгісі. Оны қорғау – бүгінгі ұрпақтың міндеті, ертеңгі ұрпақ алдындағы аманаты!

#Әділет #ЖастарРухыю #Жаңақорған #ВандализмгеЖолЖоқ #ТарихқаҚұрмет #ТуғанЖергеТағзым
16 қазан 2026 ж. 56 0