КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев, аудан прокурорының орынбасары Бағдат Жүсіпбек және комиссия мүшелері қатысты.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі негізгі «Бала мәселесі» қаралып, №192 орта мектептің директоры білім беру ұйымындағы атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жиын қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.




