Соңғы жаңалықтар

МУЗЕЙ ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫ

23 маусым 2026 ж. 42

№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

Отырысқа қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары – комиссия төрағалары, облыстық полиция департаментінің өкілдері, тиісті басқармалар мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ сала мамандары қатысты.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы, NEET санатындағы жастармен жұмыс, оларды жұмыспен қамту және қоғамдық өмірге тарту, сондай-ақ буллингтің алдын алу бағытындағы мәселелер қаралды.

Жиын барысында өңірдегі ахуал жан-жақты сараланып, әрбір құқық бұзушылық фактісі бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар талқыланды. Мейрамбек Зинабдинұлы жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейтудің маңыздылығына тоқталып, жауапты мекемелер мен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдарымен күресуден бұрын оның туындау себептерін анықтап, алдын алу тетіктерін күшейту қажеттігін атап өтті. Әсіресе, тәуекел тобына жататын балалармен және олардың отбасыларымен жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеуді күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Комиссия отырысының қорытындысымен жауапты мемлекеттік органдарға кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
23 маусым 2026 ж. 60 0