Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » КЕЗЕКТІ КӨШПЕЛІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ КӨШПЕЛІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ



Бүгін “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Бектас Нуридиновтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Аталған жиынға комиссия мүшелері, Жаңақорған аудандық прокуратурасының прокуроры Сейтмахан Сермұхамедұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлыбек Қордабаев, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің ұжымы, ата-аналар және колледж студенттері қатысты.

Комиссияның күн тәртібінде бір мәселе «Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың профилактикалық шаралары, 2025 жылғы 12 айдың қорытындысы» талқыланды. Ол бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлыбек Қордабаев хабарлама жасады.

Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған тақырыптық бейнеролик студенттер назарына ұсынылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.
30 қаңтар 2026 ж. 1 163 0