Соңғы жаңалықтар

№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС – НӘТИЖЕГЕ БАСТАР ЖОЛ

ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС – НӘТИЖЕГЕ БАСТАР ЖОЛ


«Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының партия алаңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.Қабылдауды Жаңақорған аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Өмірәлев Дәулет Оразәліұлы жүргізді.Қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін ашық айтып, тұрғын үй, құрылыс, сәулет және инфрақұрылымға қатысты өтініш-тілектерін жеткізді. Әрбір тұрғынның мәселесіне жеке мән беріліп, қойылған сауалдарға қолданыстағы заңнама аясында нақты түсіндірмелер берілді.

Кейбір өтініштер бойынша мәселені шешудің жолдары талқыланып, тиісті жұмыстарды жүргізу бағыттары түсіндірілді. Азаматтарға қай мекемеге жүгіну қажет екені, қандай құжаттар талап етілетіні және мәселенің заңды шешілу тәртібі жөнінде бағыт-бағдар берілді.
Халықпен жүздесудің ең маңыздысы – мәселені тыңдап қана қою емес, тұрғынның айтқан өтінішіне бейжай қарамай, оның шешілу жолын бірге қарастыру.
Партия алаңындағы мұндай қабылдаулар тұрғын мен мемлекеттік мекеме арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың өз мәселесін ашық жеткізуіне мүмкіндік береді.
Әр өтініштің артында – адамның тағдыры, отбасының жағдайы, көптен күткен үміті тұруы мүмкін. Сондықтан халықтың сөзін тыңдау – жауапкершілік, ал сол сенімді ақтау – ортақ міндет.
Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
02 қазан 2026 ж. 50 0