Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРI НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРI НАЗАР АУДАРЫЛДЫ


«Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының қоғамдық қабылдау алаңында тұрғындардың өтініш-тілектеріне арналған кездесу өтті. Қабылдауды «Мансап» орталығының басшысы Ермек Темірбек Ералыұлы жүргізіп, азаматтардың жеке мәселелеріне қатысты сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында тұрғындар еңбекпен қамтылу, әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және өзге де маңызды мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Қабылдауға келген әр азаматтың мәселесі жеке қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.
Кейбір мәселелер бойынша азаматтарға нақты іс-қимыл алгоритмі түсіндіріліп, қай мемлекеттік органға жүгіну керектігі жөнінде бағыт-бағдар көрсетілді.
Қоғамдық қабылдаудың басты мәні – тұрғынның мәселесін тыңдап қана қою емес, оны шешудің нақты жолын көрсету. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
01 қазан 2026 ж. 182 0