Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ


Бүгін аудандық партия филиалында жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша тақырыптық қабылдау өтті. Іс-шараға партия филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпеисұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі, аудандық Мансап орталығының директоры Тұрлыбеков Жаңабек қатысты.
Қабылдау барысында әрбір азаматтың өтініші жеке қаралып, тиісті мамандар тарапынан нақты кеңестер берілді. Кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті тұрғынға мемлекеттік қолдау тетіктері, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламалары аясында берілетін жеңілдетілген несиелер және қайтарымсыз гранттар туралы толық ақпарат ұсынылды.
Жұмыспен қамту мәселесін көтерген азаматтарға аудандық Мансап орталығы арқылы тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындары жөнінде мәлімет беріліп, жұмысқа жолдама алу мүмкіндігі қарастырылды.
06 қараша 2025 ж. 135 0