Соңғы жаңалықтар

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

23 қазан 2026 ж. 129

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «ӘДЕПТІ КЕЛІН – ӘДЕМІ»

«ӘДЕПТІ КЕЛІН – ӘДЕМІ»



«Әділет» партиясы «Әйелдер қанатыны» және аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Руханият» орталығында ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Әдепті келін – әдемі» келіндер сайысы өтті.

Байқауға қазылық еткендер аудандық Әділет партиясы Жаңақорған аудандық филиалы, «Әйелдер қанатың» төрайымы аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Маликова, А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың директоры Әсем Тілеубергенова, Жаңақорған аудандық музейінің әдіскері «Әйелдер қанатының» мүшесі Құралай Дәрмен.
Сайыста қатысушылар өнері мен шеберлігін көрсетіп, салт-дәстүр мен ұлттық тағамдарға қатысты білімдерін ортаға салды.
І орын – Орынбекова Нағима
ІІ орын – Сейтбекова Аманкүл
ІІІ орын – Сейтмаханова Гаухар
Арнайы номинациялар:
«Өнерлі келін» – Бақытқызы Элеонора
«Шебер келін» – Джадигерова Сапаркуль
«Көрермен көзайымы» – Бекболат Риза
«Инабатты келін» – Асанова Айдана
«Өнегелі келін» – Тұрғанай
Сайыс қазақ келініне тән инабаттылық, ибалық, үлкенге құрмет пен ұлттық дәстүрге адалдықты дәріптеген тағылымды шара болды.Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!
Әдепті келін – әулеттің ажары, өнегелі келін – отбасының берекесі!
29 қыркүйек 2026 ж. 136 0