Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АШЫҚ СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АШЫҚ СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТТІ


«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашық сұхбат алаңы өтті.

Іс-шараға аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Нұржан Қалжан және Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты.

Сұхбат барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, заң талаптарын бұзудың салдары, құқықтық сауаттылықты арттыру және жемқорлықтың алдын алудың маңызы туралы кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы айқындаған «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» қағидаттарының мәні мен қоғам өміріндегі маңызы талқыланды.

Кездесу барысында жастар өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық плакаттар мен жадынамалар таратылды.
05 қазан 2026 ж. 209 0