Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ БІР ЖОЛЫ

ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ БІР ЖОЛЫ


“Өнер мектебі” ғимаратында аудан әкімдігінің, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында “Қызылорда облысының Жастар Одақтары” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 14-25 жас аралығындағы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында сурет салу байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сонымен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және ой-өрісін кеңейту. Шара барысында қатысушылар арнайы тақырыптар бойынша сурет салып, өз туындыларына атау беріп, идеясын түсіндіріп берді.

Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған сурет авторларына арнайы дипломдар мен қаржылай сыйақылар табысталса, байқауға қатысқан барлық жас өнерпаздарға Алғыс хаттар берілді.

Қазылар алқасының құрамында “Әлшекей” атындағы өнер мектебінің директоры, қазылар алқасының төрағасы Қошқарбаев Қалдыбай және Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Қалжан Нұржан төрелік етті.
29 мамыр 2025 ж. 164 0