2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ


Жаңақорған аудандық аграрлы-техникалық колледжінде «Еңбек адамы: аграрлық саланы модернизациялау» тақырыбында кәсіби пікір алмасы өтті. Шараны «Әділет» партиясы ұйымдастырып, еңбек адамының қоғамдағы рөлін арттыру, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және аграрлық саланы заманауи талаптарға сай дамыту мәселелері талқыланды. Тағылымды кездесуге «ӘDILET» партиясының аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейісұлы арнайы қатысты.

Кездесу барысында аграрлы-техникалық колледж директоры Илиясов Ерғали Орманұлы білім ордасындағы кәсіптік білім берудің бағыттары мен түрлі мамандықтардың қыр-сырына тоқталып, студенттердің теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды меңгеруіне ерекше мән берілетінін атап өтті. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы, техника және өндіріс салаларына қажетті білікті мамандарды даярлаудың маңызы сөз болды.
Аграрлық сектор – ауыл экономикасының күретамыры. Ал бұл саланың тұрақты дамуы заманауи технологияны меңгерген, кәсіби білімі терең, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мамандарға тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, колледж қабырғасында білім алып жатқан жастардың таңдаған кәсібін терең меңгеруі – болашақтағы өндіріс пен ауыл шаруашылығының дамуына салынған маңызды инвестиция. Бұл ретте аграрлы-техникалық колледжде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы және «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары және қыз-келіншектерге тігін, тоқыма сынды мамандықтарды тереңірек меңгертуге жұмыс жасап жатқаны көңілге қонды.
Жиында «ӘDILET» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы да сөз сөйлеп, еңбек адамының еңбегін дәріптеу, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы орнын айқындау және жастарды кәсіптік білім алуға бағыттаудың маңыздылығына тоқталды.
– Бүгінде ел экономикасының әр саласында маңдай терімен еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалау – ортақ міндет. Әсіресе ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласына білікті жұмысшы мамандар ауадай қажет. Сондықтан жастарға кәсіптің қадірін түсіндіріп, олардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасау маңызды, – деп атап өтті.
Кездесу барысында еңбек мәдениеті, кәсіби шеберлік, жұмысшы мамандықтардың келешегі және аграрлық саланы технологиялық тұрғыдан жаңғырту бағытында ой-пікірлер ортаға салынды.
Еңбекпен келген жетістік – елдің берекесі. Ал сол еңбекті жаңа технологиямен ұштастырып, ауыл шаруашылығын жаңғыртатын білікті мамандарды даярлау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
23 қыркүйек 2026 ж. 15 0