№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЕҢБЕК АДАМЫ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

     
   Қоғамның дамуын алға сүйрейтін – адал еңбек. Ал сол еңбекті күн сайын үнсіз атқарып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген жандардың орны қашанда бөлек. Халық пен мемлекетті жалғап, талай жылдан бері елдің хат-хабарын, сәлемдемесін діттеген жеріне жеткізіп келе жатқан пошта қызметкерлері де – еңбегі елеулі еңбек адамдары. Осы бағытта Жаңақорған аудандық «Әділет» партиясы «Қазпошта» ұжымымен «Еңбек адамы – қоғамның басты құндылығы» тақырыбында кездесу өткізді.

        Кездесуге партия төрағасы Арман Мажитов, мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Амалбеков Жасұлан Бекенұлы және аудандық мәслихат депутаты Бақыт Берділлаев қатысты.
         Партия төрағасы Арман Әбілпейісұлы пошта мамандарының күнделікті жауапты еңбегіне тоқталып, әрбір қызметкердің елге көрсетіп жүрген адал қызметі құрметке лайық екенін атап өтті.
         «Әділет» партиясы үшін еңбек адамының мәртебесін көтеру, оның еңбегін бағалау – маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте халыққа күн сайын адал қызмет көрсетіп, ел мен елді байланыстырып жүрген «Қазпошта» қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтеміз. Еңбек адамына құрмет көрсету – қоғамға деген құрмет. Әділетті қоғам – әрбір адал еңбекті бағалайтын қоғам! «Әділет» партиясы – еңбек адамының жанында! Қоғамның дамуы мен елдің өркендеуіне адал еңбегімен үлес қосып жүрген еңбек адамдарының орны ерекше. Соның ішінде «Қазпошта» қызметкерлерінің еңбегі – халық пен елді байланыстыратын маңызды қызметтің бірі. Күн сайын жауапкершілікпен қызмет атқарып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп жүрген әрбір пошта маманының еңбегі құрметке лайық. Еңбекке деген адалдық, жауапкершілік пен кәсібилік – ел дамуының берік негізі. Әр хат пен сәлемдеменің артында – жауапкершілік, әр қызметтің артында – маңдай тер бар. Еңбекке құрмет – елге құрмет! Қазпошта қызметкерлеріне алғысымыз шексіз! «Әділет» партиясы еңбек адамының еңбегін бағалап, оның мәртебесін арттыруды қолдайды,– деді ол.
          Кездесу барысында еңбек адамын қолдау, оның мәртебесін көтеру және адал еңбекті қоғамда кеңінен дәріптеу мәселелері сөз болды. Еңбекке құрмет – елге құрмет!
Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся. Возможно, это изображение учеба и осветительное оборудование. Нет описания фото.. Возможно, это изображение учеба. Возможно, это изображение один или несколько человек
11 қыркүйек 2026 ж. 32 0