№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ертеңгі күн биігі – кәсіптік білімде

ертеңгі күн биігі – кәсіптік білімде


Елімізде кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі жаңара түсуде. Заман талабына сай маман даярлау жұмысы да өзекті. Тәуелсіздігімізді алып, нарық заманына көшкелі бері білім беру жүйесінің бұл саласы нарық сұранысына жауап бере алатын, жаңа технологияларды меңгерген, нағыз қажетті маман даярлау жолында қызмет етіп келеді. Ауданымыздағы аграрлы-техникалық колледжде өз ісін жолға қойған, нағыз керекті мамандар даярлануда. Осы орайда, аудан жастарының кәсіптік білім алып, оны өмірде жүзеге асыруды бала бойына дағдыландырып жүрген ұстаздың бірі – Еркебұлан Қибасаров.

Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пәнінен сабақ беретін мұғалімнің талабы біреу, ол – еңбек пен білімді ұштастырып, оны өмірде өз игілігіне пайдалануды үйрету. – Кез-келген адам алдымен еңбек етуге дағдылануы керек. Нағыз еңбектің көзін тапқанда ғана шәкірт жетістікке жетеді. Сондықтан, білімгерге пәнді алдымен практикалық тұрғыда үйретемін. Көзбен көріп, қолмен ұстағанға жетпейді. Мәселен, бала моторын бұзып, оны қайта құрағаннан кейін оның қыр-сырын ұға бастайды, – дейді ұстаз. Қол астында тәрбиеленіп жатқан әр студенттің өмірден өз орнын тауып кетуіне алаңдайтын ұстаздың осы жолдағы еңбегі ерен. Ол Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата колледжінде білім алыпты. Содан бері он жылдан аса ұстаздық етіп, әр кез алыстыжақынды өзге де білім ордаларымен тәжірибе алмасып, білімін жетілдіріп отыруды дәстүрге айналдырған. Осы тұста, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын. Осы бағыттағы аудандық аграрлы – техникалық колледждің жұмысы ерен. Әсіресе, кәсіптік мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Бұл аудан экономикасын көтеруге едәуір дем берері хақ. – «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», деп Константин Ушинский айтқандай, ең алдымен ұстаздың өзі білікті болуы шарт. Біздің колледж ұстаздары да осы бағытты ұстанып, әрдайым білімдерін жетілдіріп отырады. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Осы бағытта жас өрендерге қажетті мамандықты меңгертіп, сұранысқа ие маман болуға баулып келеміз, – дейді Еркебұлан Қибасаров. Иа, мемлекет басшысының өзі өзі баса назарға алып, басымдық беріп отырған техникалық білім беру – бүгінгі күннің сұранысы. Ал, ол сұранысқа сай мамандарды дайындауда Еркебұлан Қибасаров сынды ұстаздардың еңбегі зор.

                                                                                                                                                             Әсел РЗАЕВА
06 наурыз 2023 ж. 267 0