ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕШЕНІ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жаңақорған ауданындағы сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановпен бірге «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойында салынып жатқан жолаушыларға қызмет көрсету кешенінің құрылысымен танысты.
Жалпы құны 1млрд теңгені құрайтын қызмет көрсету кешенінде заман талабына сай жолаушыларға барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, 44 орындық қонақ үй, 70 орындық асхана, жанар-жағар май бекеті, 50 орындық монша және 50 орындық автовокзал болады.
Аумағы 2,5 гектарды құрайтын жоба толықтай 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазір құрылыс жұмыстарының 85%-ы аяқталған.
«Жоба ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына, жол бойындағы сервистің жақсаруына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Іске қосылғанда 20-дан астам аудан тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылатын болады», - дейді аудан әкімі Мәжит Самитов.
Атап өтейік жобаның құрылтайшысы – «Engineering & Construction Company» («ЕСС») ЖШС