№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АШЫҚ АҚПАРАТ – АШЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

АШЫҚ АҚПАРАТ – АШЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ


Бүгін аудандық «Әділет» партиясы, қоғам белсенділері мен аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің ұжымы бас қосып, «Ашық ақпараттық кеңістік: медиа мен қоғам диалогы» тақырыбында тағылымды кездесу өткізді.

Кездесудің басты өзегі – бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны, ашық ақпараттың маңызы және медиа мен жұртшылық арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері болды. Бүгінде елдегі әрбір маңызды өзгеріс пен қоғамдық бастаманың халыққа дер кезінде әрі нақты жетуі – ақпарат саласының жауапкершілігін арттыра түсуде.
Жиында «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы Баян Үсейінова сөз сөйлеп, ел болашағы, қоғамның дамуындағы ақпарат құралдарының рөлі және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар берудің маңызы жөнінде ой бөлісті.
Сондай-ақ белгілі қаламгер Ерубай Қалдыбек те сөз алып, журналистиканың қоғам алдындағы жауапкершілігі, сөздің салмағы мен елдік мәселелерді көтерудегі қалам иелерінің міндеті жайында тұшымды пікір білдірді.
Партия өкілдері, қоғам белсенділері мен журналистер арасындағы бұл жүздесу – пікір алмасып қана қоймай, ортақ ойды тоғыстырған мазмұнды алаңға айналды.
Ашық пікір, нақты ақпарат және сындарлы диалог – қоғамның алға жылжуына жол ашатын маңызды құндылықтар. Осындай кездесулер өзара түсіністік пен қоғамдық байланысты нығайта түсері сөзсіз.
17 қыркүйек 2026 ж. 3 0