Журналистер мерекесімен құттықтады

– Құрметті шығармашылық өкілдері Баян Әлеудинқызы сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өздеріңіздің, газеттеріңізбен оқырманның алдында абыройы биік жансыздар. Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз, – деп алғаусыз ақ тілегін жеткізді.
Суретте "Жаңақорған тынысы" газетінің баспасөз маманы Балжан Жаңабаеваны құттықтау сәтінен.