Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаламгерлер құрмет төрінде

Қаламгерлер құрмет төрінде


Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Қызылорда қаласындағы «Өнер орталығында» өңір тілшілерінің құрметіне арналған «Қанатты қалам» мерекелік кеш өтті. Газет, телеарна мен сайт мамандарының мерейін үстем еткен салтанатты шарада облыс журналистері марапат биігінен көрінді.


ХХІ ғасырды ақпараттық қызмет кеңістігінің шыңы деуге болады. Бұл тұрғыда ұлт қаламгерлерінің де қуаты карқын алып, жылдан-жылға жаңа жүйенің жаңалығын еркін меңгеріп келеді. Аймақтың айшықты жаңалықтарын ақпарат алаңында айшықтап, ойлы оқырманға уақытында жеткізуде, әлеуметтік мәселенің мінберде көтерілуіне тер төгіп, билік пен бұқара арасында алтын көпір салған қалам иелері қандай құрметке болса да лайық. Мерекелік шарада аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жуырда ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде: «Журналист – мәртебелі мамандық. Ол ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің иесі» деген болатын. Сондықтан біз медиа саласы мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Одан бөлек, Президент жақында «Масс медиа» туралы заңға қол қойды. Жаңа заңда журналистердің мәртебесін көтеру мен оның қорғалуына ерекше мән берілді. Сыр журнлистикасының тарихы тереңде, ғасырға жуық ғұмыры бар бұл саланың өткенінен өнеге алуға, бүгіні мен болашағынан зор үміт күтуге болады.
Мемлекет пен қоғам алдында ашық диалог құрып, жаңалықтардың жаршысы, әрбір бастаманың хабаршысы болып жүрген қаламгерлердің еңбегі өте зор. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! – деп құттықтау лебізін білдірген облыс әкімі сала ардагерлеріне де ерекше ілтипатын жеткізді. Солар салған сара жолмен келе жатқан бүгінгі буын мен жастарға табыс тіледі.
Салтанатты шарада аймақ басшысы ақжолтай жаңалықты бөлісіп, жыл соң­ында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған «Жебе» арнайы сыйлығы табысталатынын айтты. Бұл сыйлық үздік мақалалар мен сюжеттерге, ақпа­рат­тық материалдарға 7 номинация бойынша дәстүрлі түрде берілетін болады. Әр номинацияға 1 миллион теңге жүлде тағайындалады.
Мерекеде аймақтың ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар БАҚ өкілдері облыс әкімінің арнайы марапатына ие болып, құрмет төрінен көрінді. Мемле­кет басшысының Жарлығымен «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәр­сенкүл Бихожа «Құрмет» орденімен, «Qyzylorda» телеарнасының бас инженері Бақытжан Шүкенов, «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. ҚР Журналистер Одағының «Құрметті журналисі» белгісімен сала ардагері, зейнеткер Гүлнар Қоңыратова құрметтелді. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Ақпарат саласының үздігі» медалімен төл басылымымыз «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Баян Үсейінова, «Әлімсақ» журналының және «Ұстаз» газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы және «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Әділжан Үмбет марапатталды. «Жаңақорған тынысы» газетінің ардагері Ерубай Қалдыбек облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сол секілді бірқатар БАҚ қызметкерлеріне министрліктің «Құрмет» грамотасы», облыс әкімінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің марапаттары табысталды. Мұнан бөлек үздіктерге түрлі номинация берілді. С.Бермағанбетов атындағы жас журналистер байқауының жеңімпаздары да арнайы марапат алды.
Бүгінде Сыр өңірінің медиакеңістігінде 149 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Оның 13-і – мемлекеттік, 135-і – тәуелсіз, 120 газет, 26 интернет-сайт пен ақпараттық агенттік, 3 телеарна облыс, қала, аудан аумағына ақпарат таратады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
29 маусым 2024 ж. 745 0