БІЛІМ БИІГІНЕ БАСТАР ҚАДАМ

Білімге деген құштарлық пен үздіксіз ізденіс –баланың болашағына бастар берік баспалдақ. Әсіресе, шет тілін меңгеріп, халықаралық деңгейдегі білім додаларында ел намысын қорғау – жас өрен үшін үлкен жетістік. Осындай талапты оқушылардың қатарында No110 мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы Сұлтанбек Әдемі-айдың аяқалысы қуантады.
Ол жақында Өзбекстанда өткен халықаралық білім додасында бақ сынап, 2-орын жүлдегері атанды. Бұл – талапты балдырғанның ізденісінің
және ұстаз еңбегінің нәтижесі. Әдемі-айдың ағылшын тіліне деген қызығушылығы ерте қалыптасқан. Қазіргі таңда ол «Тіл Біл» академиясының ағылшын тілі курсында білімін жетілдіріп келеді. Академияда оқушыларға ағылшын тілі деңгейлі оқытылып,
білімгерлердің сөздік қорын молайту, сөйлеу және грамматикалық сауаттылықты арттыру бағытында сабақтар жүргізілуде.
Ұстазы Ақбота Сержанқызы шәкіртінің қабілетін шыңдап, халықаралық олимпиадаларға қатысуына бағыт-бағдар беріп келеді. Бұл
жетістіктің артында баланың талпынысымен қатар ұстаздың кәсіби ізденісі және ата-ананың қолдауы тұр.
Әдемі-ай тек ағылшын тілімен шектелмей, түрлі бағыттағы білім сайыстарына қатысып, өз қабілетін сынап жүр. ЕWise International Olym- piad Competition халықаралық олимпиадасында ағылшын тілі, ментальді арифметика және орыс тілі бағыттары бойынша білімін дәлелдеп, жүлделі нәтиже иеленді.
Бастауыш сынып оқушысының бірнеше бағытта қатар ізденуі – оның білімге деген қызығушылығының жоғары екенін аңғартады.
Халықаралық байқауларға қатысу арқылы ол өз білімін саралап қана қоймай, түрлі елдерден
келген балғындармен бәсекеге түсіп, тәжірибе жинақтайды.
Әрбір жеңіс – үлкен арманға бастайтын алғашқы қадам. Бүгінде Әдемі-айдың алдында жаңа белестер мен биік мақсаттар тұр. Оның
халықаралық додалардағы жетістігі – жас ұрпаққа беріліп жатқан сапалы білім мен жүйелі дайындықтың жемісі.
Біз Әдемі-айдың білімге деген ынтасы мен Ізденісін тоқтатпай, жаңа додаларда биіктен көріне беруіне тілектеспіз.
Мақпал Марқабай



