ӘКЕ МЕЙІРІМІ

Тоқсан жастан асқан Шамсудин ақсақал ілгеріде ата-бабасы ауа көшкен Тәжікстан жерінен атамекені
– Төменарыққа табаны тигенінде жиырма бестегі жігіт екен. Көзін ашқаннан тырмысып ілімге-өнерге өлермендене бәс тіккен көкөрімнің балғын шағы соғыспен тұспа-тұс келіп, күні-түн зырылдатып тігін машинесінің құлағында отырар анасының қолынан шыққан бұйымдарды майданға жөнелтіп, жеңіске тырнақтай болса да үлес қосқан тылдағы бейнеті бүгін бағаланып отыр.
Алпысыншы жылдары Тәжікстаннан азаматтық борышын өтеуге аттанған жастың жанарында мүкістік анықталып қатарынан қалып қойғанымен Мәскеудің көркемсурет училищесін оқып, орта мектепте еңбек сабағының оқытушысы болғаны өз алдына бір хиқая. Туған жердің не құдіреті барын, төбеңнен алтын құйып тұрса да көңілің тұрақ таппай, ата-бабаң жатқан топыраққа жетіп жығылғанды көксейді екенсің. Сөйтіп аңсап, армандап жиырма бес жасында әке-шешесін жетектеп елге оралыпты.
Содан бері алпыс алты жыл Төменарықтың топырағында өсіп-өніп, алып бәйтерекке айналған қария тағдырына тәубе дейді. Осында асыл жары Кенжеханды кездестіріп, екеуі жеті перзент өсіріп-тәрбиеледі.
жетіп, дәм-тұзы бітіп, өз қолымен ақ жуып арулап қоштасып қалсада көнбеске шара бар ма, қатал жазмыштың жүректің бір бөлшегін жұлып кетіп, жұмбақта қалдырғанынан өткен азап жоқ екен дүниеде. Иә, әскерден есен-аман келіп, жігері бойына сыймай, ауыл шетіне егін егемін деп еңбектеніп жүрген бозым ен далада бір күнде жоқ болып кетті. Ең соңғы рет кездестірген қой бағып жүрген бала сол күні аңызақта мылтық ұстаған тағы екі адамды және бір жүк көлігін көрдім дегенді айтқан. Басқа дерек жоқ. Әке-шеше, ағайын-туыс,
ел-жұрт суды сүзді, тауды кезді, аяқ жетер жерді жеті айналды, таппады.
Одан бері аттай отыз жыл өтті. Одан бері талай су ақты, Бұл оқиғаны ауыл ұмыта да бастады. Тек әке мен шешенің бауырына тастай болып қатқан беріштің беті жазылмаған күйі жанарды суалтып, жанды кемірсе де үмітті бір үзбей әлі күтумен келеді екен.
***
міздің тоқсанның төріне шыққан ақсақал атанғанша қолынан шоты, балғасы, басқа да құрал-саймандары ажырап көрсе осы Төменарықтың халқы айтсын. Әманда еңбектенумен, көзге түскен жердің жыртығын жамаумен, тесігін бүтіндеумен,
қисығын түзулеумен тыным таппайтын жанның жалпы қоғамға да көзқарасы солай қалыптасады ма, кемшілікке жаны
қас, жалғандыққа төзбейді, тастай тәртіп, тазалықты сүйеді. Көшімізді жаңаша бағытта түзуге ұмтылып жатқан бүгінгі күні баршамызға
қойылып отырған талап – осы. Алдыменжан-дүниеміз таза, әрбіріміз айналаның шын қамқоршысы бола білуіміз керек. Ал бұл мінез, ұстаным қасиетті табалдырықтан бастау алады.
Төменарықтықтар Сандыбаевтар отбасын дәл осындай отбасы деп санайды. Өткен жылы республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, мәртебені иеленген шаңыраққа сол кездегі аудан әкімі Мажит Самитұлы арнайы ат басын бұрып, тоқсанның төріне озған қарияны құттықтап әрі ақ батасын алды. Қарғадайынан қоғамға қызметін арнап, қолынан келген қайырымын аямаған азамат алтын ұясының қорғаны, балаларының қамқор әкесі бола білуінің арқасында берік отбасының негізін қалады дей аламыз.
Күні кешелері, өзі жүріп-тұрған әдемі бір күні бүкіл бау-шарбағын жанына жинап, баршасының көз алдында өмірлік жары
болмады. Бірақ жазылып қойған хатпен тең бір жүрген замандас-әріптестері қатарында ауылдағы поштаны басқарған, қазір зейнетте Әзизұлы Орынбасар ағамыздың бұл кісі туралы айтары көп.
«Мен алғаш еңбек жолымды 1976 жылы астық қабылдау қоймасында жұмысшылықтан бастадым. Шамсудин аға осы мекемеде лаборант әрі электрик еді. Жанында жүріп ол кісіден көп нәрсе үйрендім. Ол заманның адамдарында міндетті шаруамды атқарсам бітті, өзгесінде
жұмысым жоқ деген ниет жоқ, меншікті міндетіне басыбүтін беріліп, ортақ абыройға ұмтылды.
Алғашқы тұғыры Төменарықта тіктелген «ПМК – 34» мекемесін басқарған Сандыбаев Тұрсынбай ағасының қапталында жүріп
бұл кісінің қоныстағы көп құрылыста қолтаңбасы қалды. Сол кезде жағалай салынған стандартты үйлердің біразы әлі
күнге баспанаға жарап тұр. Ауыл тұсынан өтетін канал құрылысының да басы-қасынан табылды. Еңбеккештігінен бөлек ол кісіні
ерекшелеп тұратын бір мінезі – кішіпейілдігі. Қасында қанша жүргенде ашу шақырып, ренжігенін, кейігенін бір рет те көрмеппін. Үнемі жайдары қалпында айналасына шуақ шашып жүретін, адам баласын бөліп қарамайтын, үлкенмен де, кішімен де теңдей тіл табысатын мінезімен елдің ортақ ағасына айналды» дейді ол.
Одан кейінгі ұлдары Қайрат пен Жеңіс те ауылда тұрады. Қыздары Салтанат кәсіпкер, Шолпаны ішкі істер саласының доғарыстағы ардагері, Кенже қызы Қарлығашы облыстық медицина орталығында медбике, тегінде бұл есім оған текке қойылмаған тәрізді.
Әкесіне ерекше жақыны өзі. Осы күндері жұмыстан шыға сала қаладан қарлығаштай ұшып жетіп, ауыр халде жатқан әкесінің шыбын жанына дәрмен болып, дәруменін құйып, солған тамыр бүлкілдей жөнелгенде үміті жанып, қайтадан құстай ұшып қызметіне асығып қайтып бара жатқаны.
Бұл күнде ұл-қыздан өрген немерелердің бәрі бір-бір мамандық иелері. Тұңғыш немересі Бақтияр аудан орталығында төтенше жағдайлар бөлімінде жұмыс істейді. Наурызбайы мемлекеттік қауіпсіздік саласында қызмет атқарып жүр, арнайы
тапсырмамен шетел асқан сапарынан соң ауылға арнайы келген беті екен. Ата-әжесіне етене жақын өскенінің белгісі, екеуін
ерекше дәріптеп, сәбилік ықыласын бөлісіп, тауыса алар емес. Ол атасының шағын цехы болғанын, онда есік-терезе жасап,
ауылдағы талай үй соққан кісілерге жәрдем жасағанын айтты. Атасы кішкентайларға ойыншықты да өзі қолдан жасап береді екен.
Бөбек кезінде атасының ағаштан шауып жасаған тұлпарымен ойнап өскенін айтты.
Сонымен қатар ол кісі керемет суретші, бұл қасиеті балалары ішінде Талғатына ғана дарыған ұқсайды. Ал ұсталығын Жеңісі
жалғастыратын тәрізді. Шамсудин ата ұсталығын кешеге дейін жалғастырыпты. Осыдан үш-төрт жыл бұрын
салып кірген қазіргі отырған кең сарайдай зәулім үйлерінің жобасын өзі сызып беріп, ұсталардың жұмысын қадағалап отырыпты.
Бәрібір үйдің мұржасы көңілінен шықпай, төбеге шығып өзі қолдан құрап барып көңілі тыныш тапқанын айтты үйдегілер. Осы тұста әңгімеге қосылған Кенжехан апамыздың айтары аз емес. Сондағы келіп тірелетін тобықтай түйін – тағдыры бір арнада тоғысқан ерлі-зайыптыны ұшпаққа шығаратын ұлы күш – Адалдық деп аталар асыл қасиеттен арна тартып жатыр. Ал оның негізі қайда деген сауалымызға да жауабы әзір. «Атамыз біздің үнемі көне кітаптарды оқып отыратын. Ескіше сауаты бар және жас жеткіншектердің көзін ашып, хақ талабына баулыған кісі. Сол кісінің тәрбиесі ме, мен көргелі ерімнің бес уақыт намазын қаза қылғанын көрмеппін.
Жалған айтпау, жағымсыз іске аяқ баспау, жақсылық атаулығы ұмтылу – осының барлығының түп-төркіні осындай Құдіретке кәміл құлшылықтан қуат алмай ма?» дейді ол.
Өмірінің барлық мәні – ұрпағым деп білген қос қарияның мейір-шапағатына кенелген ұл мен қыз осы қағиданы үлгі
тұтпай ма? Ал бір-біріне рақымды, кешірімді, бауырмал ағайындылардың бірлігі, сайып келгенде ел тұрмысының тұтастығы мен тұрақтылығына жол ашады. Ол үшін соның ұйытқысы болып отырар ата-ана ынтымағы бәрінен маңызды.
Бір ата-анадан тарағанымен онының мінезі он түрлі болуы мүмкін. Бірақ бәрін де бір ортада ұйыстырып, айрандай ұйытып
отырған ата-ана мейірімі бәрінен де қымбат. Қаздай тізіліп кеп, ата алдынан тарап жатар немерелерінің өзі бір қалыптан шыққандай
емес, бірі тұйық, томсырайып, үндемей ішінен еріп, елжіреп тұрса, бірі ашық еркелеп, ата-әжесіне еріксіз дегенін орындатады.
Осының бәрі таусылмайтын қызық, тауқымет талқысын бір сәтке ұмыттырып, кәрі көңілді баладай елжіретіп жіберер ертегі тәрізід. Ал қарияның ұрпағына қояр бір ғана талабы бар. «Өмірде бәрі керек, бәрін білуің керек»
дейді ол. Осындай талабымен ұрпағына еңбеккештікті өсиет етеді.
Біздің мақаламыз жарыққа шығып үлгермеді, Шамсудин атамыздың жарық өмірден бақиға аттанғаны жөнінде хабарды естідік. Тағы бір жақсы адам дүниеден озды. Бірақ соңында өшпес өнегесі қалды.
Баян ҮСЕЙІНОВА




