№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҰСТАЗ, АТА-АНА, ОҚУШЫ – ДИАЛОГ АЛАҢЫ

ҰСТАЗ, АТА-АНА, ОҚУШЫ – ДИАЛОГ АЛАҢЫ



5 қазан – Ұстаздар күніне орай кент орталығындағы №286 орта мектепте «Ұстаз, ата-ана, оқушы» диалог алаңы ұйымдастырылды.


Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы өзара байланысты нығайту, білім мен тәрбие мәселелерін ашық талқылау және жас ұрпақтың сапалы білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған ортақ ұсыныстарды ортаға салу.

Диалог алаңына №286 орта мектептің директоры Ләззат Машбекқызы қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, мұғалім еңбегінің қоғамдағы маңызына тоқталды.

Шараға арнайы қатысқан «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, білім саласы – ел болашағын айқындайтын маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Партия өкілі өз сөзінде ұстаз мәртебесін көтеру, білім сапасын арттыру, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде қоғамның белсенділігін күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, мұндай диалог алаңдары арқылы мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қоғам үшін маңызды мәселелерді бірлесіп талқылаудың қажеттігін атап өтті.

«Әділет» партиясы қоғамның өзекті мәселелерін халықпен бірге талқылауға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауға басымдық береді. Осы бағытта білім беру саласының өкілдерімен ашық пікір алмасу – партия жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Кездесу барысында ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы тиімді қарым-қатынас, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік, білім сапасын арттыру және жас ұрпақтың болашағына қатысты мәселелер кеңінен талқыланды.

Ұстаздар күніне орай өткен кездесуде мұғалімдерге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілеп, еңбектеріне алғыс білдірілді.

Ұстазды ұлықтау – ұлт болашағын ұлықтау. Ал білімді ұрпақ тәрбиелеу – ұстаз, ата-ана, оқушы ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті.
05 қазан 2026 ж. 165 0