Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Туған жерін тұмар тұтқан Тұрсынбек

Туған жерін тұмар тұтқан Тұрсынбек


Кіндік қаны тамған туған жердің топырағында өсіп-өніп, алпыс жасына дейін табан аударып көрмеген тұлға бүгінге дейін өміріне бір қарап көрсе қызық-қуанышы, арман-мұңы туған халқынан бір де ажырап көрмепті. Солармен бірге қуаныпты, бірге мұңайыпты. Қандай қиын кездер болса да елдің көңіліндегі кірбіңді серпуде, жарқын болашаққа жігерлендіруде қолынан келгенше қызмет атқарыпты. Осындайда бұл кісіге бойындағы таланты көмекке келіпті. Сол жолда жатпай-тұрмай еңбектеніп, маңдайының терін төгіпті. Бала күнгі алдына қойған мақсаты сол еді, жүректі жарып шыққан бейкүнә серт, төккен тер текке кетпепті.

– Мен бастауыш сыныпты Төменарықтағы №53 Романов атындағы орта мектебінде оқыдым. Одан әрі Екпіндідегі мектепте, сегізінші сыныптан бастап мектеп-интернатында оқыдым. Осы оқу ошағында жүрген кезімде ансамбль ұйымдастырдым. Өзім ауыл клубында «Алтын дән» ансамблі құрамына кірдім. Сексенінші жылдары құрылыс саласында жұмыс атқардым. Одан әрі шаруашылықта комбайн айдадым. Жатка айдадым. Әзекеңмен (Әзия Қыстаубаевамен) бірге еңбектің екпіндісі атанып жүрген кезіміз. Қалдыгүл айырмен шөпті лақтыоып, Закира шөпті тасып тұрады. Он тоғыз жастамын. Ата-анамыз өмірден ерте кетті. Үйде үйелмелі-сүйелмелі балалар тым жас. Әскерден жаңа келген ағам үйленіп, жеңгеміз туған анамыздай мәпеледі. Жазмыштың жазуы кісіні ерте есейтіп жібереді екен. Өз жолымды өзім тауып, көкіректегі арманым – өнер адамы болуға жатпай-тұрмай ұмтылуым, ақыры мені өз мақсатымның тұғырына қондырды, – дейді Тұрсекең.
Ол елден бірінші рет жыраққа аттанып, оқу іздеп Ташкентке келгенін, одан әрі Жетісай қаласына жетіп, кәсіби оқу орнына алғаш келген күннен деканаттың көзіне түсіп, құжат қабылдайтын бөлімге жұмысқа қабылданғанын айтты. Өзінің ән айтатын, гитара, домбыра, баян тартатын өнері бар. 1985 жылы оқу орнын қызыл дипломмен бітіріпті. Арасында екі жыл әскери қызметін де өтеп келгенін айтты. Өмірлік жары, Қармақшының қызы Розамен осы оқу орнында кездесіп, көңілдері жарасып, ауылға қол ұстасып бірге келіпті.
Жаңақорған аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Әбілтай Сүлейменов: «Тұрсынбек, енді сен ауданға келдің, қазір бізде кадр тапшы, бөлімге көркемдік жетекші болып жұмысқа кел, әрі «Экспрестің» мүшесі боласың. Үйім жоқ деме, ол жағына өзім көмектесемін» деп уәде етіп тұрса да бойдағы алаулаған патриоттық сезімнің әсеріме, «Жоқ, біз туған жерімізге барамыз. Елге барып атамекенді көркейтеміз» деп отырып алған ұқсайды. Сөйтіп, жас жұбайлар қол ұстасып, Сунақата кеңшарына келіп, ауылдағы клуб үйіне қызметке орналасады. Алты айдан соң клуб директоры шаруашылыққа ауысып кетіп, Тұрсынбек ауылдағы жалғыз мәдениет ошағының директоры болып шыға келед. Ал Роза болса клубтың көркемдік ждетекшісі қызметін атқарады. Розаның ән айтатын өнері бар. Клубта өтетін барлық мәдени шараларлың сценариін жазады. 2000 жылдардан бастап ауыл кітапханашысы.
Мәдениет саласына жігерлі жас мамандардың келуі ауыл өміріне тың серпілістер алып келді. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының алдына Сүлейменовпен бірге барып музыкалық аппаратуралар алып қайтқаны бір ерлік болды. Сенім үдесінен шығу мақсатында келе сала ауыл сахнасында халық аспаптар оркестрін және «Сығанақ» ансамблін құрдым. Осы құраммен «Алтын дән» ансамблі халық шығармашылығы фестиваліне қатысып, концерт қойды. 1987 жылы Бүкілодақтық халық шығармашылығы екінші фестивалінің лауреаты атанды. Бірнеше рет облыста «Үздік клуб» аталымын жеңіп алды.
Біз білетін Тұрсынбек – шебер ұйымдастырушы да. Ол өзі шебер ойнайтын аккардеон, баян, домбыра, гитара аспабын бірнеше әуесқой азаматтарға үйретіп, оркестр құрғанының өзі үлкен еңбек емес пе?
Шәкірттерінен Әлимұса Сұңқар Абай атынлағы опера жәнк балет театрының бітірген. Қазір Қарулы күштер оркестрінің солисі.
Жасыратын несі бар, ауыл клубтарының көбінің есігін құлып күзетіп, тұрғындарды шараға жинау қиындық тудырып жатады. Ал Сунақатада қашан көрсеңіз клуб іші лық толы. Халық концерт, мерекелік кештерге жақсы жиналады. 2021 жылы «Рухани жаңғыру» тақырыбына он екі ай ауылдағы он екі мекемені әр айға бөліп өнер байқауын өткізгені бар. Сол шараға әділқазылық етіп он екі ай бойы кешкі сегізден түнгі он бірге дейін созылатын мәдени кештің куәсі болдық. Сонда байқағанымыз, ауылдағы әжелерге дейін немерелерін жетектеп, клуб үйінің алдыңғы орнында өнерпаздарға жанкүйер болып, өнеріне дем беріп отырды. Өнерді түсінетін, мәдениетті бағалай білетін халықтың мәртебесі биік болары сөзсіз.
Биыл Жеңістің 80 жылдығына «Жас маман» облыстық сайысын өткізіп, оған Тұрсекең өзінің бала-шағасымен демеуші болыпты.
Келіншегі Роза Төлегенқызы салалық кәсіподағының «Еңбек даңқы» медалімен марапатталған. 2021 жылы «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісін кеудесіне тақты.
Аудан мәдениет саласын көтерудегі үздік еңбегі бағаланып, биылғы жылы Сунақата мәдениет үйі кәсіпорны директоры Тұрсынбек Қалымбетов «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
– Ауылда қалғаныма өкінбеймін. Ұлым Мұхит Қорқыт атындағы университеттің экономика-финансист мамандығын бітірді. Бірақ ол өнер саласын таңдады. Мектепте оқып жүрген кезінен «Сыр елінің жұлдыздары», тағы да басқа облыстық, республикалық байқауларда орын алып жүр. Екінші ұлым Шыңғыс мұнай-газ саласын бітірді. Ол жеке кәсіпкер. 2017 жылдан бастап ауыл моншасын іске қосып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.
Қызым Сымбат теміржол саласын бітірген. Астанада қаласында тұрады, – дейді ол.
Өткен жылы «Мерейлі отбасы» аталымын жеңіп алған Қалымбетовтер жанұясы ел ішінде де үлкен құрметке ие.

Баян ҮСЕЙІНОВА
29 шілде 2025 ж. 349 0