Болашақ педагогі: болашақта қандай дағдылар білім беру әлемінің есігін ашады?

Білім беру – уақытпен бірге өзгеріп отыратын, бірақ адамзат өркениетінің өзегін құрайтын мәңгілік құндылық. Кеше ғана мұғалімнің басты міндеті білімді түсіндіру, оқушыға ақпарат жеткізу болса, бүгінгі педагогтің рөлі әлдеқайда кеңейді. Ал ертеңгі ұстаз қандай болады? Болашақ педагогі білім беру әлемінің есігін қандай дағдылар арқылы ашады? Меніңше, болашақ педагог – тек білім беруші емес, баланың мүмкіндігін танып, оның тұлғалық дамуына бағыт-бағдар беретін көшбасшы, зерттеуші, жаңашыл әрі жүрек жылуын сақтайтын тұлға.
Ең алдымен, болашақ педагогке үздіксіз білім алу дағдысы қажет. Қазіргі әлемде білімнің жаңаруы жылдам. Бүгін тиімді болған әдіс ертең жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім «Мен бәрін білемін» деген ұстанымнан гөрі «Мен әлі де үйренемін» деген көзқарасты ұстануы тиіс. Өз кәсібін үнемі жетілдіріп, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеріп, тәжірибесін саралай алатын ұстаз ғана уақыт талабына жауап бере алады.
Мұхтарова Балнұр Бейбітқызы




