№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » МАМАНДЫҚТАР: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ.

МАМАНДЫҚТАР: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын атап өткен болатын. Жеті тұғыр бойынша алтыншы құндылықта - Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті деп үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек ету керек екендігін жастардың санасына сіңіру қажет деген болатын. Осы орайда бүгін N89 негізгі орта мектебінде "МАМАНДЫҚТАР:КЕШЕ БҮГІН ЕРТЕҢ" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларына арналған ZOOM платформасы арқылы он -лайн конференция өткізілді. Мақсаты балаларға болашақ мамандығын таңдауда бағыт- бағдар мен кеңестер беру. Конференция барысында қазіргі кезде ерте жастан мамандық бойынша ақпарат алудың, бағыт- бағдар алудың оқушылар үшін маңыздылығы, қазіргі таңдағы қажетті, сұранысқа ие мамандықтар жайлы айтылды. Атап айтқанда ауданымызда орыс тілі, математика пәні мұғалімдері және де ІТ мамандарының жетіспейтіндігін айтып балаларға ой тасталды. Конференцияға Жаңақорған аудандық Білім бөліміне қарасты N195 мектеп гимназиясының директоры Жанат Жусипова мен N196 жалпы орта мектеп директоры Талғат Есқабылов шақырылды.
24 қараша 2021 ж. 624 0