Әлем мектептері баланы қалай оқытады?

Бүгін Білім күні! Оқу-ағарту саласындағы барша мекемелер үшін мереке! Осынау күні әлемдегі білім модельдері туралы сарауды жөн көрдік.
Әлемде мектептің бір ғана үлгісі жоқ. Әр қоғам баланы өз құндылығына сай тәрбиелейді. Бірақ олардың тәжірибесінен көп нәрсе үйренуге болады.
Шығыс Азия моделі – Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Қытай..
Бұл жүйеде тәртіп пен еңбек бірінші орында. Бала ерте жастан жауапкершілікке үйренеді. Білімге талап жоғары. Нәтиже маңызды.
Артықшылығы – мықты білім, еңбекқорлық, табандылық.
Кемшілігі – шамадан тыс бәсеке балаға қысым түсіруі мүмкін.
Солтүстік Еуропа моделі – Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания.
Мұнда балаға сенім басым. Бағадан бұрын оның дамуына мән беріледі. Өз ойын айтуға, таңдау жасауға, бірге жұмыс істеуге үйретеді.
Артықшылығы – дербестік, шығармашылық, әлеуметтік дағды.
Кемшілігі – еркіндік өзін-өзі ұйымдастыра алмайтын балаға қиын болуы мүмкін.
Посткеңестік модель – Қазақстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдер.
Бұл жүйеде пәндік білім мен теорияға басымдық беріледі. Мұғалімнің рөлі жоғары. Бағдарлама мен талап бірізді.
Артықшылығы – жүйелі білім, тәртіп, мықты теориялық база.
Кемшілігі – жаттауға басымдық берілсе, баланың дербес ойлауы мен шығармашылығы шектеледі.
Англо-саксондық модель – АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия.
Мұнда бала өз ойын айтуға үйренеді. Жоба жасайды. Зерттейді. Пікірталасқа қатысады. Таңдау жасауға мүмкіндік алады.
Артықшылығы – шығармашылық, дербестік, коммуникация.
Кемшілігі – еркіндікпен бірге мықты базалық білім де қажет.
Орталық Еуропа моделі – Германия, Австрия, Швейцария.
Бұл елдер мектепті еңбек нарығымен байланыстырады. Баланы кәсіпке ерте бағыттайды. Университет – жалғыз жол емес.
Артықшылығы – білім мен мамандықты жақындастырады. Бала еңбекке ерте бейімделеді.
P.S.: Қазір балаға бәрін жаттату енді жеткіліксіз. Ол білгенін тексеруі, салыстыруы, талдауы және өмірде қолдана білуі керек.
Болашақ мектебінің басты өлшемі де осы болмақ:
Бала қанша нәрсе біледі емес, білгенімен не істей алады?
Нұрлат Байгенже




