Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Әлем мектептері несімен өзгеше?

Әлем мектептері несімен өзгеше?


Білім реформасын дамытуда әр мемлекеттің өз жүйесі мен ерекшеліктері бар. Бірақ әр елдегі оқу жүйесі де, оқушының білімін бағалау да әртүрлі. Осы тұста, әлем елдерінде білім беру жүйесі несімен ерекшеленеді, олардың артықшылығы неде, бізден айырмашылығы қандай, міне осы жөнінде іздендік.
Жаһан мектептерінің білім беру жүйесін зерттеу мен бітірушілердің тапсырған халықаралық емтихандарының нәтижесі және басқа да ақпараттардың қортындысы бойынша Сингапур мектептері мен ондағы білім беру жүйесі әлемдегі ең тиімдісі саналады. Ал келесі кезекке Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания орналасса, «Үздік жиырмалықтың» қатарында Финляндия, Гонконг, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Ирландия, Дания, Австралия, Польша, Германия, Бельгия, АҚШ, Венгрия, Словакия және Ресей тұр. Ендеше, осы мемлекеттердің бірнешеуінің білім беру жүйесіне тоқталсақ.
                                                     СИНГАПУР НЕГЕ АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕ ТҰР?
Сингапурда балалар үш жастан бастап білім алады. Бұл осы елдің конституциясымен бекітілген талап. Яғни, кез-келген 3 жастағы сингапурлық балақай мектепке барып, ана тілі, ағылшын тілі мен математика пәндерін оқиды. Үшінші сыныптан бастап жаратылыстану пәндері енеді. Оқушының шығармашылығын дамытатын пәндер де бастауыш сыныбында оқытылады. Бастауыш сыныпты бітірген оқушы міндеттелген мемлекеттік емтиханды тапсырса ғана жоғарғы сыныпқа көшеді. Ал, сынақтан өте алмағандар бастауыш сыныпты қайта оқиды. Бастауыш сыныптағы сынақ көрсеткішіне қарап оқушыларды «міндетті сабақтар», «экспресс», «академиялық» және «техникалық» деп төрт бағытқа бөледі. Ондағы бүкіл бастауыш мектептері жекеменшік. Бірақ, білім беру тегін. Дегенмен, мәліметтерге сүйенсек, түрлі шығындар үшін атаанадан айына 13 доллар алынады. Ал, бұл елдегі мектептердің басқалардан ерекшелігі – математика пәніне үлкен ықылас бөлінеді. Мәселен, сыныптағы 20 оқушының бірі математикадан тапсырманы дұрыс орындамаса, ешкім жаңа сабаққа көшпейді. Яғни, сынып толықтай дәрісті меңгермейінше бір тақырып қайталанып оқытыла береді. Сондай-ақ, аталмыш елде мектепке жұмысқа орналасу өте қиын. Ол үшін мұғалім өз мамандығын өте жақсы меңгеруі тиіс. Әйтпесе, арнайы құрылған комиссияның талаптары мен сұрақтарынан өте алмауы мүмкін. Елде ұстаз мамандығы өте құрметті. Қоғам ұстаздармен тікелей санасады. Мәселен, ол жақтағы ұстаздың орташа жалақысы – 2500-ден аса АҚШ долларын құрайды. Бұл айлық сомасының көптігі бойынша АҚШ, Англия, Жапониядан кейінгі төртінші орын. Онда бір мұғалім аптасына бір ғана дәріс оқиды. Демек, ол бір сабаққа бір апта бойы дайындалып, оқушыға максималды білім беруге дайын. Осыдан болса керек, РІSА оқушылардың білім деңгейін саралайтын халықаралық ұйым «Сингапурдағы білім беру жүйесі ХХІ ғасырдағы ең тиімді әрі ең сапалысы», – деп таныған.
                                                          ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕПТЕР
Жаһан елдері арасында білім беру жүйесі бойынша көш бастап тұрған елдің бірі – Оңтүстік Корея. Мұнда балалар 8 және 10 жас аралығында бастауыш мектепте оқиды. Бастауышта корей тілі, математика, бейнелеу өнері оқытылады. Барлық пәнді бір ұстаз оқытады. Білім беру жүйесінің сатыларына өту емтихан қортындысымен емес, оқушының жасына байланысты анықталады. Тілдерінің грамматикасында өзгерістер көп болғандықтан, ағылшын тілін меңгеру өте қиын. Оқушылар арнайы курстарға барады. Мұнда қоғамдық мектептерден өзге жекеменшік оқу орындары бар. Ол мектептің артықшылығы, білім беру деңгейі өте жоғары. Орта мектепте 12-15 жас аралығындағы балалар оқиды. Орта мектептердің тәрбиесі мен талабы өте қатаң. Күніне 6 негізгі пән 1 мамандандырылған пән оқытылады. Пәндер жыл сайын өзгеріп отырады. Корея білім беру жүйесінде математика мен ағылшын пәніне баса назар аударады. Дәстүр бойынша сабақты қыркүйек емес, сәуір айында бастайтын елдің бірі – Жапония. Олардың түсінігінше, сәуір айы жаңа өмірді бастау үшін ең қолайлы ай. Жапондықтар бастауыш сыныпқа 6-7 жасында қабылданады. Мектептері басатауыш, орта және жоғарғы деңгейге бөлінген. Олар бастауыш сыныпта 6 жыл, орта және жоғары сыныпта 3 жыл оқиды.
Білім саласы 12 жылдық, оның 9 жылын кезкелген жапондық оқуға міндетті. Жапония оқушыларына демалыс берілмейді. Олар демалыс уақытының барлығын емтиханға дайындықпен өткізеді. Білім саласында сынақ тапсыру 7-сыныптан басталады. Оқушылар жылына екі-үш рет сынақ тапсырады. Одан әрі үздіктер қатарынан табылған Ұлыбритания мектептеріне де әлем елдерінің сұранысы өте жоғары. Британдық мектептер «Барлық жерде оқытады, бірақ біз нағыз серілерді тәбиелеп шығарамыз» деген ұранды ұстанады. Білім беру жүйесіндегі біріккен Корольдікке тән ерекшелігі – ақылы интернаттар. Бүгінде мұндай пансионаттарда ақсүйектер ұрпағы білім алады. Бастапқыда 2-7 жас аралығындағы балаларға «рreparatory schools» жүйесімен білім беріп, 7-13 жаста «junior schools» жүйесі бастауыш сынып білімін береді. Бастауышты бітірген оқушы емтихан тапсыра алмаса, ол үшін болашақ жабық. Ал, «Senior School» – 13- 18 жас аралығындағы балалар білім алып, GCSE емтиханын тапсыру арқылы «A-Level» немесе «International Baccalaureate» бағдарламасына өтеді. Университет бітірген студент 21 мың фунт айлық алатын жұмысқа тұрмаса, кредитін төлемеуге болады. Сондай-ақ, АҚШ-тың мектептерінде оқу тәртібі тіл және әдебиет, нақты және гуманитарлық ғылым, т.б. болып бірнеше категорияға бөлінген. Жоғары сынып оқушылары әр саладан кредиттік жүйе жинақтайды. Сол жиналған балл арқылы оқушының деңгейі анықталады. Жалпы алғанда, АҚШ-та өзіндік оқу ерекшелікке ие. Онда мұғалім оқушыны жеке шақырып алып, бағасын өзіне ғана көрсетеді. Әр жарты жыл сайын ата-анаға баласының үлгерімін жіберіп отырады екен. Түйін. Әлемде білім беруден оқ бойы оза шыққан мемлекеттерді тізбектеуімізге түрткі болған бірден-бір себеп, ауданда мемлекеттікпен қатар жеке мектептердің де бой түзеуі. Әрине білім ошақтарының артып, ондағы бала санының толық болуы бізді де қуантады. Өйткені, мектеп табалдырығын аттаған бала көбейсе, ел демографиясының артқаны деген сөз. Десе де, сол ел ертеңі бүгінгі алып жатқан білімі көштен қалмай, дамыған мемлекеттермен иық тіресе алатындай деңгейде болса деген ниет. Себебі, балаға салынған инвестиция – ата-ана үшін де, мемлекет үшін де ең тиімді инвестиция екенін естен шығармаған абзал.

Дайындаған
Айсұлу АЛДАНАЗАР
16 шілде 2024 ж. 1 282 0