№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » КЕРЕМЕТ БОКС КЕШІ ӨТПЕК

КЕРЕМЕТ БОКС КЕШІ ӨТПЕК

Kazinform Бейбіт Шүменовтің боксын тамашалауға әйгілі Катар әмірі келетін болды, деп хабарлайды.
Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы жартылай ауыр (WBA super) және бірінші ауыр (WBA) салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Бейбіт Шүменовпен кездесті. Кездесу барысында Бейбіт Шүменов министрге әлемнің ең мықты 16 кәсіби боксшысы, олардың қатарында Катар Мемлекеті корольдік отбасының мүшесі шейхы Фахад Бин Халид Аль-Танидың қатысуымен бокс кешін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Оған Катар әмірі Тамим бин Хамад Аль-Тани келеді. Шараға аттары аңызға айналған боксшылар Роберто Дюран, Дэвид Хэй, Хорхе Линарес, Хасим Рахман, Заб Джуда, Эвандер Холифилд, UFC спортшылары Хабиб Нурмагомедов және Зубайра Тухугов, сонымен қатар, Дүнижүзілік бокс қауымдастығының басшылығы келеді деп күтілуде.
21 ақпан 2018 ж. 870 0