200-ден аса түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы жылы ҰБТ-ның қалай өтетінін түсіндірді. “Алтын белгі” иегерлері мен халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарына қандай жеңілдік қарастырылатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Министрлік бұл орайда көп жұмыс істеді. Заң қабылданып қойды. “Алтын белгі” иегерлері қарапайым түлекпен ұпайы бірдей болған жағдайда ғана, басымдыққа ие болады. Басқасында ҰБТ ережелері сол қалпында қалады. Тек көп сұрақтар өзгеріске ұшырады. Өткен жылы сұрақтардың 25%-ын өзгерттік, биыл тағы 25%-ы өзгеріске ұшырады. Сондай-ақ, биыл тестті ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі бар. Биыл шамамен 250-ге жуық түлек ағылшын тілінде ҰБТ тапсырады. Сұрақтар тура сондай. Бұл ешқандай артықшылық бермейді. Тек тест тапсырушылардың өз таңдауы”, – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінің конференциясында.Ерлан Сағадиев мемлекет басшысының тапсырысымен, елімізде студенттер жатақханасы көбейетінін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылға дейін 75 мың орынға арналған жатақхана салуды тапсырды.