Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚАЛАМЫ ОҚТАН ДА ӨТКІР

ҚАЛАМЫ ОҚТАН ДА ӨТКІР


ХХ ғасырда өмір сүрген американдық әскери тілші Марта Геллхорн – журналистиканың нағыз қаһарманы. Екінші дүниежүзілік соғыста, әйелдердің майданға баруына рұқсат болмаған заманда, ол шындықты жеткізу үшін бәріне дайын болды.
Марта Нормандияға (Екінші дүниежүзілік соғыстағы ең ірі және шешуші шайқастың бірі өткен француз жағалауы) өту үшін, өзін медбике ретінде жасырып, жалған құжатпен санитарлық кеме бортына мініп, соғыс даласына асығадыг. Өміріне қауіп төнсе де, жауынгерлермен бірге окопта түнеген, жарылыстың арасында репортаж жасайды.Журналист қарапайым адамдардың тағдырын, үні естілмегендердің жанайқайын жеткізеді. Журналистикаға жанын салды, тек ақпарат үшін емес — әділет үшін жазды.Ол алты құрлықта болған соғыс пен төңкерісті көреді. Яғни, Екінші дүниежүзілік соғысты, Вьетнам, Испания, Африка, Латын Америкасындағы қақтығыстарды көзімен көріп, репортаж жазған санаулы журналистің бірі.Бүгінде біз соғыста емеспіз, бірақ өз майданымыз бар. Жалған ақпарат, манипуляция, қоғамдық сенімге төнген қауіп – осының бәрі шын журналистің қаламын майдан қаруына айналдырып отыр.

16 шілде 2026 ж. 232 0