Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды

ҚХР, Бейжің қаласы
 
Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өткен әскери парадты тамашалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге мінберде Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің жиырмадан астам мемлекет, сондай-ақ үкімет басшылары болды.

Парадқа  10 мыңнан астам жауынгерді қамтыған Қытай халық азаттық армиясының 45 әскери құрылымы қатысты.
Салтанатты шеруде құрлықта, теңізде және әуеде қолданылатын стратегиялық жаңа қару-жарақ түрлері алғаш рет көрсетілді. 

Сонымен қатар 4-ші буын қаруының жаңа түрлері, ұшқышсыз ұшатын және ұшқышсыз аппараттарға қарсы қолданатын қорғаныс техникалары, бағытталған энергия қаруы мен басқа да ұрыс құралдары таныстырылды.





















akorda.kz
04 қыркүйек 2025 ж. 793 0