№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұшқыш жауынгерлер

Ұшқыш жауынгерлер

Дүние жүзі халықтарының 80 пайыздан астамы қатысқан екінші дүние­жүзілік соғыс қазақ халқына да қасірет әкелді. Соғыс миллион­даған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Соғысқа қатысқан жауынгерлер қатарында Нұртөре Ташибаевта от пен оқтың арасында қан кешіп, аласапыранды көзімен көрді.
Кеңес үкіметінің құрамында болған мемлекетіміздің 1,5 миллионға жуық оғланы майданға аттанды. Олар ортақ Отанымызды жаудан қорғау үшін жанын аямай қаншама сұрапыл шайқасқа қатысты.
Біздің кейіпкеріміз Ұлы Отан соғысында әуе әскері полкі, ұшып-қонуды үйреніп, ұшқыштар ұшағымен немістерге әуе жолы арқылы шабуыл жасаған азаматтың бірі. Әскери тапсырманы бұлжытпай орындағаны үшін ерекше көзге түсіп ұшқыш – офицер атағы беріліп, кіші лейтенант, лейтенант, соғыстан оралған кезде аға лейтенант деген шені болған.
Соғыс кезінде бірнеше орден-медальдар мен марапатталған. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң аман-есен елге оралып Шиелі станциясы желілік темір  жол бекетінің қатардағы милиция қызметкері, кейіннен бастығы болып, 1966 жылдары Қызылорда станциясы желілік станциясының бастығы қызметіне тағайындалады. Одан 1970 жылдары ОҚО Шымкент станциясы желілік ішкі істер бөлімінің бастығы, милиция полковнигі атағымен 1987 жылы құрметті еңбек демалысына зейнеткерлікке шыққан.  1992 жылы өмірден өтті.
Өмірлік қосағы Ташибаева Айман мұғалім болып, жас ұрпақты тәрбиелеп, бейнетінің зейнетін көріп отырған аяулы ана. Екі ұл, бір қызды тәрбиелеп, жоғарғы оқу орнында оқытып, барлығын да қанаттандырған әрі мамандықтың иесі болып, әр салада еңбек етіп жатыр.
Сұрапыл соғыста жан аямай жаумен шайқасқан әкелердің талай ерлігі жайында баян етілген естеліктер, майдангерлердің өнегелі өмірі туралы жария болған суреттер ел басына күн туған сол бір ауыр жағдайдан сыр шертеді. Біздің бақытты да бақуатты ғұмыр кешуіміз алдымен осы Ұлы Жеңіс күнін жақындатып, жан алып, жан беріскен ержүрек ерлердің арқасы екені даусыз. Олардың өмір жолы да бүгінгі ұрпақққа үлгі-өнеге.  Осы уақытқа дейін соғыс тақырыбындағы қаншама деректі фильм көріп, қаншама өлең, көркем шығармалар оқысақ та дәл сол кездегі адамдардың сезінгенін сезіне алмасымыз анық. Біздің қолдан келетіні – өткен тарихымызды ұмытпай, ерлік көрсеткен ерлерімізді ұлықтауға тиіспіз. Біз сіздерді ұмытпаймыз, сұрапыл соғыста сынға түскен соғыс ардагерлері!
Әсел РЗАЕВА
08 мамыр 2021 ж. 525 0