№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Біз батырдың ұрпағы

Біз батырдың ұрпағы

Дүние жүзі халықтарының 80 пайыздан астамы қатысқан екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқынына да қасірет әкелді. Соғысқа қатысқан жауынгерлер қатарында Қойшыбай Жармұхамедовте от пен оқтың арасында қан кешіп, аласапыранды көзімен көрді
Кеңес үкіметінің құрамында болған мемлекетіміздің 1,5 миллионға жуық оғланы майданға аттанды. Олар жаудан ортақ Отанымызды жаудан қорғау үшін жанын аямай қаншама сұрапыл шайқасқа қатысты.
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толып отыр. 1941-1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысы да тарих қойнауына кіріп, алыстап барады. Сол бір сұрапыл соғыс жылдарында Отанымызды, жерімізді елімізді қорғау жолында қан төгіп, өз басын қатерге тіккен батырлардың арасында Қойшыбай Башарұлы Жармұхамедов та бар еді.
Қан майданда от кешкен Қойшыбай Башарұлы 1922 жылғы 1 қыркүйекте қазіргі Құттықожа ауылында өмірге келген.  Ұлы Отан соғысына 1942 жылғы 1 қаңтарда Шиелі аудандық әскери комиссариаты арқылы аттанған. Осы жылдың 23 ақпанында 583-ші атқыштар полкінің құрамына қабылданған. Майдангер 1946 жылға дейін осы полкіде байланысшы болған. Ал ұрыс даласында байланысшылардың атқарар қызметі басқалардікіне мүлде ұқсамайды. Оның өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктері жетіп артылады. Жау алқымнан алып, ұшақпен бомбалап өткенде де, танктермен таптағанда да, тіпті жаяу әскер шабуыл жасағанда да дұшпанның қимылы мен соғыс әрекетін бас штабқа хабарлап отыруы тиіс. Соғыс даласында байланысқа жауапты адам оқ пен оттың ортасында жүрсе де өз ісінде іркіліс тудырмауға міндетті. Қандай жағдай болса да майданда байланыс болуы қажет. Оның үстіне жау жағы штабқа жіберілетін хабарды біліп қоймас үшін арнайылап  құпияландырып отырған.Қойшыбай Жармұхамедов өз міндетін мінсіз атқарған жауынгер.
Қойшыбай Башарұлы 1946 жылдың қаңтарында елге оралған. Сол жылғы көктемде Ұлбөбек Жамшенқызымен отау құрып, шаңырақ көтерді. Соғыстан кейінгі өмірін туған елін гүлдендіруге арнаған майдангер Қызылорда қаласындағы мұғалімдер дайындайтын училищеге түсіп, оны 1949 жылы бітірді. Осы жылы №164 мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасты. Осыдан бастап ұстаздыққа ден қойып, шәкірт тәрбиелеумен айналысты. 1956 жылы Н.В.Гоголь атындағы институтқа оқуға түсіп, жоғары білім алды. Зейнетке шыққанша саналы өмірін білім саласына арнады. Құрметті демалысқа шыққаннан соң да өзінен кейінгі мұғалімдерге кеңесін беруден жалыққан емес.
Қойшыбай атамыз білімді әрі білікті ұстаз болуымен қатар, отбасында бала тәрбиесіне аса мән беретін қадірлі әке болды. Соғыстан кейін-ақ үлкен отбасының негізін қалаған Қойшыбай Башарұлы үш ұл мен алты қызды тәрбиелеп өсірді.
Майдангер соғыстағы қайсарлығы үшін де, бейбіт өмірдегі ерен еңбегі үшін де бірнеше марапат алған. 1993 жылы өмірден өткен Қойшыбай атаның кеудесіне тағылған медальдары әлі сақтаулы. Соғыс ардагерінің бар тілегі «кейінгі ұрпақ аман болсын, біз көрген соғысты көрмесін» болыпты. Біз де ардагердің тілегі қабыл болсын деп, сөзді осы жерден түйіндейміз.
Ерлан РАЙЫМБЕК   
12 мамыр 2020 ж. 704 0