№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БИЫЛ ҰБТ-ДА ДАУЛЫ СҰРАҚТАР БОЛМАЙДЫ

БИЫЛ ҰБТ-ДА ДАУЛЫ СҰРАҚТАР БОЛМАЙДЫ


ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуде даулы, түсініксіз, қоғамдық резонанс тудыратын сұрақтар болмайды деп сендірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министр биыл ҰБТ-да мектеп бағдарламасынан алынған сұрақтар ғана болатынын айтты.
«Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуден барлық даулы сұрақтарды алып тастау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Яғни, екі мағына беретін, қоғамдық резонанс тудыратын, кейбіреулерге ұнамай қалуы мүмкін сұрақтардың барлығы алынып тасталды. Осы мәселе бойынша бізде үлкен комиссия отырысы өтті. Комиссия барлық сұрақтарды қарап шықты. Әрине, бұл жұмыс құпия түрде жүргізілді. Сондықтан, мен биылғы жылы бұрынғы жағдай қайталанбайды деп ойлаймын», - деп сендірді Ерлан Сағадиев елордадағы ҰБТ пунктінде.
Кеше Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов биыл ҰБТ-да шоу-бизнес өкілдері туралы сұрақтар болмайтынын айтқан болатын.
«Биылғы жылы шоу-бизнес өкілдері кездесетін мәтіндерді қолданған жоқпыз», - деді Рамазан Әлімқұлов.
Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтары мен жауаптарының құпиялығы қатаң сақталатынын айтты. Ол бұл мәселе заңмен, арнайы механизмдермен қорғалғанын жеткізді.
Атап өтсек, бүгін елімізде ҰБТ басталды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Барлығы 102 447 оқушы сынақ тапсыруға өтініш берген. Түлектердің 75 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады. Тест 167 пункте өтеді, оның 48-і жоғары оқу орындардың базасында, үшеуі – колледж, 116-сы орта мектептерде орналасқан. Барлығы ҰБТ өткізу кезінде 1206 аудитория жұмылдырылады. Барлық аудитория бейнекамералармен, ұялы телефон байланысын басатын құрылғылармен, металл детекторлармен жабдықталған.
ҰБТ форматы өзгерген жоқ, ол бес пәннен тұрады. Үшеуі – міндетті, екеуі - таңдау пәні. Барлығы 120 сұрақ, түлектер үшін 140 балл жинау мүмкіндігі сақталады. ҰБТ 3 сағат 50 минутқа созылады. Апелляция беру тәртібі өзгермейді. Яғни, келесі күні сағат 13.00-ге дейін әр түлек апелляция беруге құқылы. Сондай-ақ, биыл Call-орталық жұмыс істейді. Нөмірі: 8-800-080-71-77. Ол жылдам ақпарат алмасып, туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі.
Тестілеу нәтижесін бұрынғыдай Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан білуге болады. Сонымен қатар, биыл Telegramкөмегімен де білуге мүмкіндік бар. Ол үшін әр түлек өзіне берілген жеке кодты енгізуі шарт. Және де, mail.kz сайтынан жеке код арқылы білуге болады.
ҚЫМБАТ ЕЛТАЙҚЫЗЫ
20 маусым 2018 ж. 1 130 0