№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ХАЛЫҚ СЕНІМІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ХАЛЫҚ СЕНІМІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК



Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Жаңабек Тұрлыбеков және аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Арман Мажитов «Бесарық» бастауыш партия ұйымымен мазмұнды кездесу өткізіп, ел мүддесі жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар төңірегінде кеңінен пікір алмасты.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен Жол картасының орындалу барысы жан-жақты талқыланды. Әсіресе, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстарға ерекше тоқталды.
Жиында тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, ауыл ішіндегі өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, білім мен медицина саласындағы түйткілдер де назардан тыс қалмады. Халықпен ашық диалог орнатқан депутат көтерілген әрбір мәселенің бақылауда болатынын жеткізді.
– Сайлауалды бағдарламада берілген әрбір уәде – халық алдындағы аманат. Сондықтан Жол картасында белгіленген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы басты назарда болады. Ел сенімін ақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік, – деді Жаңабек Тұрлыбеков.
Кездесу барысында тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық әрі еркін форматта өткен жүздесу өзара сенім мен түсіністікті нығайтып, халық пен билік арасындағы байланысты бекемдей түсті. Елмен етене байланыс – нәтижелі жұмыстың кепілі.

#AMANAT
05 мамыр 2026 ж. 46 0