№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ


Жаңақорған ауданындағы жұмыс сапарында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында жастардың қоғамдағы рөлі, олардың бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және партиялық жобалар аясындағы мүмкіндіктер кеңінен талқыланды.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған мәселелерді еркін ортаға салды. Атап айтқанда, жас мамандарды жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, кәсіп бастауға берілетін қолдау тетіктері, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері көтерілді.
Өз сөзінде партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай жастар – елдің стратегиялық ресурсы әрі болашағы екенін атап өтті. Ол «AMANAT» партиясы жастардың әлеуетін ашуға, олардың бастамаларын қолдауға және нақты жобалар арқылы қоғам өміріне белсенді араласуына әрдайым мүдделі екенін жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар партияның «Жастар рухы» Жастар қанатымен, жаңа серпінмен және нақты нәтижеге бағытталып жүзеге асырылуда, – деді төраға.
Кездесу барысында партияның жастарға арналған жобалары таныстырылып, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыстардың бағыттары айқындалды.
#AMANAT
04 ақпан 2026 ж. 74 0