№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАН ӘКІМІ ЖОМАРТТЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖОМАРТТЫЛЫҚ ЖАСАДЫ



Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов мүшел жасқа толуына байланысты қол сағатын ырымдап танымал тележүргізуші, Aqto’be арнасының журналисі Қонысбек Терекұлына тарту етті деп хабарлайды Tilshi.kz.
Облыстық арнаның түсіру тобы әкімнен «Елдің баласы» хабары үшін сұхбат алуға барған. Әңгіме барысында Ербол Данағұловтыңүшінші мүшелді қайырғаны айтылып, осы жаста қымбат, қимайтын дүниелерін таратып беру жөнінде сөз болады.
«Сұхбаттан соң, табанасты алтын сағатты сыйға тартты. Ал, режиссердің (Жайдарман Ізбағанбетова — ред.) 20 жастағы ұлына деп мойнындағы галстугін шешіп берді. Қалап алдық па, талап алдық па, ырым дедік пе, әйтеуір қарқ боп біз қалдық, «бас садағасы» деп ол қалды. Қазақтың ырымыныңқырын кеткені жоқ. Тілеуіңізді тіледік. Мүшелден аман өтіңіз. 25-те әкім болдыңыз. 40-ғы қамалыңыз бұдан да биік болсын!», — деп жазады Қонысбек Терекұлы желідегі парақшасында.
Айта кетейік, «Елдің баласы» жобасы аясында өңірге танымал жандармен сұхбат жасалады. Осы жолғы хабар Мұғалжар ауданыныңқазіргі әкімі Ербол Данағұлов жайлы болмақ.
«Шалқардан шыққан шатақәкім Мұғалжарға келгелі не тындырды? 37 мүшел жасқа өткен ол қимас заттарын кімдерге таратып берді? Аудан әкімдері неге бәсеке? Жас басшысыны аяғынан шалып, қастандық ойластырғандар кімдер? Галстугін шешкенде кімдерді іздейді? Меншігінде не бар? Анасы туралы айтқанда неге мұңайды? Жуырда, Ербол Данағұлов «Елдің баласында»!, — деп жазады журналист Қонысбек Терекұлы.
23 қаңтар 2018 ж. 1 411 0