№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Медицина қызметкерлері мерекесін атап өтті

Медицина қызметкерлері мерекесін атап өтті


Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтілді. Бүгін адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленді.


  Мерекелік жиын барысында аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов, Жаңақорған ауданы “AMANAT” партиясының атқарушы хатшысы Арман Мажитов сала мамандарын мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.бас дәрігері Сәкен Алеудинұлының алғыс хаттары табысталды.
Денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын маман иелеріне аудан әкімінің және Республикалық AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың «Алғыс хатын», табыс етті.
  Қызметіне адал, елге жанашыр дəрігерлер уақытпен санаспай еңбек етуінің нәтижесінде халық алғысына бөленіп отыр. Кез-келген науқастың дертіне шипа табу үшін күні-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей, тынымсыз жұмысқа жегіліп жүрген абзал жандардың еңбегі әрқашан құрметке лайық болып келеді.
 - Жүйкесі жіптей жұқа, жазуын өзінен өзге түсінбейтін мамандық иесі ретінде сіздер науқастарды жанға шипа болатын дәрі-дәрмекпен ғана емес жылы сөзбен, ыстық алақан, мейірімді жүрек және адамгершілік секілді асыл қасиеттеріңізбен емдеп келесіздер. Осыған орай, медицина саласының мамандары жөнінде «Дәрігердің күші – оның жүрегінде, яғни адамдарға деген сүйіспеншілігінде» деп айтады. Біздің байлығымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты екенін ескерсек, тәннің, жанның сау болуына ерекше назар аударар едік. Науқастың досы – дәрігер, яғни өміріміздің барлық кезеңі аталған маман иесімен байланысты, -деді құттықтау сөзінде аудан әкімі.
 Медицина қызметкерлері күніне орай, өткізілген салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасын тауып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін паш етті.



22 маусым 2022 ж. 190 0