№3 (8917) 13

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҒАСЫР БЕЛЕСІН БАҒЫНДЫРҒАН ТЕАТР

ҒАСЫР БЕЛЕСІН БАҒЫНДЫРҒАН ТЕАТР



Осыдан тура бір ғасыр бұрын, яғни 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылордада жаңадан құрылған ұлттық театрдың, қазіргі М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының алғашқы қойылымы сахналанды. Бұл ұлтымыздың кәсіби театрының негізі қаланған күн ретінде тарихта қалды. Өткен жылы ғана Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанының, ұлтымызға «Қазақ» атауы қайтарылғанының 100 жылдығын кең көлемде атап өттік. Сыр жұртшылығы бір ғасырдан бері халқымыздың асыл мұраттарын, құндылықтарын сахна арқылы ұрпақ санасына сіңіріп келген ұлт театрының Қызылордадан бастау алғанын мақтаныш тұтады.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, театр шымылдығы ресми түрде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылған. Алғашқы труппа қатарында халық арасынан шыққан таланттар Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Қ.Мұңайтпасов, т.б. болды. Ұйымдастыру жұмыстарына Д.Әділов, Ж.Шанин көп еңбек сіңірді.
Бүгінгі бір ғасырлық белес – ұлттық театрдың, өнердің өміршеңдігін дәлелдеген кезең. Жаңа жүзжылдығына қадам басқан руханияттың дара мектебі ұлт жадын ояту, оны сақтап қалу және келешекке аманаттаудағы миссиясын адал атқарып келеді.
Қазақтың ұлттық кәсіби театрының шымылдығы түрілген Қызылордадағы барша өнерсүйер жұртшылықтың атынан М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының ұжымын бір ғасырлық мерейтойымен құттықтаймыз! Адам болмысының сан қырын ашатын туындыларыңыздың көрермені көп болсын!
13 қаңтар 2026 ж. 296 0