№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада халықаралық театрлар фестивалінің ашылуы өтті

Қызылордада халықаралық театрлар фестивалінің ашылуы өтті

Бүгін Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай, КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы – І» халықаралық театрлар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы, режиссер, педагог Тұңғышбай Жаманқұлов арнайы келіп қатысты.
Салтанатты рәсімде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет және руханият саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет», – деген болатын.

Бағдарламада Островский, Шекспир, Маркес, Айтматов сынды әлем және түркі әдебиетінің классиктерінің туындылары, сондай-ақ қазіргі қазақ драматургиясының үздік шығармалары көрерменге ұсынылады. Театрсүйер қауым драма, трагедия, комедия, перформанс және эксперименталды қойылымдарды тамашалай алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 сәуір 2025 ж. 511 0