№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тұңғыш театрдың ашылуы

Тұңғыш театрдың ашылуы

1926 жылы 13 қаңтарда Қызылордада қазақтың тұңғыш театры (қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры) ашылды.
Ресми түрде театр Мұхтар Омарханұлының «Еңлік-Кебегімен» ашылған деп саналады.
Қазақ өнерінің қара шаңырағы – осы күнгі Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры алғаш рет өз шымылдығын Қызылорда қаласында 1926 жылдың қаңтар айында ашты. Бұл – даусыз ақиқат. Алайда театр тарихына қатысты ресми мәліметтерде, баспасөз бетіндегі ақпараттарда ұйымның ашылған күні мен алғашқы сахналанған қойылымы туралы түрлі деректер кездеседі.
Театрдың ресми сайтындағы «Театр жайлы» деген айдарда М. Әуезов театры көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі Әлия Бөпежанова былай жазады: «Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры – тұңғыш ұлттық мәдени-сахналық мекеме. 1925 ж. соңында сол кездегі астана Қызылордада ұйымдастырылды. Театр шымылдығы  ресми түрде 1926 ж. 10 қаңтарда Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақинасымен» ашылды, 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы қойылды».
13 қаңтар 2020 ж. 2 746 0