№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Ақ көгершін» алысқа самғады

«Ақ көгершін» алысқа самғады


Бейбітшілік символы – «Ақ көгершін» көк аспанда еркін қалықтап, әлемде достық пен татулықты паш етсе, соған жан жүрегімен шаттанып, алғы күнге аққанат арман жалғар сәби күлкісінен қымбат не бар? Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылордаға-200 жыл, Жаңақорған ауданына 90 жыл толу құрметіне арналған облыстық «Ақ көгершін» байқауы аймақ төрін балғын балаусалардың ән мен жырына көмкерді.
Сыр еліндегі балалар шығармашылығын халық арасында кеңінен насихаттау, таланттарды тауып, жас есімдердің танылуына мүмкіндік жасап, өнерін паш ету, шеберлігін шыңдау, ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерді құрметтеуге баулу мақсатында өткізілген сайысқа 20 өнерпаз қатысып, бақтарын сынады.
Байқауда топ жарып, алға шыққан «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің «Хормен ән айту» сыныбының оқушылары Жамур Дінмұхамед І орынды, Мұса Жанель ІІ орынды еншіледі. Екеуі де өнер ордасында ұстаздары Шәрбану Жиенбаевадан тәлім алып жүрген шәкірттер. 11-13 жас аралығында тағайындалған Бас жүлдені Әзізбек Тасболатов еншіледі. Жоғарыдағы екі өнерпазымыз бірі Сауран Елеуовтың «Апатайым – анашым» әнін орындаса, екіншісі «Кеш – Ю» тобының репертуарынан «Ризамынды», ал, Әзізбек Шәрбану Жиенбаеваның «Туған өлкем – Жаңақорған» әнін орындады.
Баян ҮСЕЙІНОВА.
15 маусым 2018 ж. 1 651 0