Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ширек ғасырлық еңбектің жемісі

Ширек ғасырлық еңбектің жемісі


24 жылдан бері бір мекемеде аянбай еңбек етіп, қызмет барысында қаншама адамның өміріне араша болған Айдар Ильясұлымен жалпы жақсы таныспыз. Ол қытымыр қыста аязбен алысып, алапат өрттің жалынымен жанталасып, дала байлығын төтенше оқиғалардан қорғай білген өз маманының майталманы. Мұндай ерлік жолда жүрген құтқарушы қызметкерлерге қандай ізет білдірсек те артықтық етпейді.


Айдар Ильясұлы орта мектептен соң «Жаңақорған кәсіптік техникалық училищесінде» кең профильді тракторшы-машинист жүргізуші мамандығы бойынша оқыды. 1999-2000 жылдар аралығында Алматы облысы Қапшағай қаласы Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеді. 2001 жылдың 20 наурызынан бастап Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Жаңақорған аудандық бөлімінде қызметке қабылданып, қазіргі таңға дейін осында еңбек етіп келеді.
Отбасында 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған Айдар Ильясұлы қызмет атқару барысында бөлімнің мәдени көпшілік шараларына және де спорттық жарыстарға белсене қатысып келеді. ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 25 мамырдағы №123 бұйрығымен бекітілген «Өрт сөндіру-құтқару дайындығы» жөніндегі тәлімдемесіне сәйкес, өрт сөндіру құтқару дайындығы нормативтерін уақытылы және сапалы орындай отырып, өзінен кейінгі жас қызметкерлерге өзінің мол тәжірибесімен үнемі бөлісіп отырады. Сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын жақсы менгерген.
Оның қызмет барысында бастан өткерген батыл іс-қимылдары көп. Әсіресе 2021 жылдың 19 қаңтар күні жергілікті уақыт 08 сағат 50 минутта Жаңақорған ауданы, Кейден ауылдық округінде орналасқан «Жаңақорған Транзит» ЖШС-нің 2 қабатында орын алған өрт оқиғасы кезінде аянбай еңбек етіп, ерекше көзге түсіп, өз қызметінің іскер маманы екендігін көрсетті.
Бүгінде ол азаматтық қорғау сержанты, №14 өрт сөндіру бөлімінде аға өрт сөндіруші қызметін атқарып келеді.
– Қатты аязда жауынгерлік киіміміз мұзды сауыта айналады, ал шілденің аптап ыстығында тер моншақтап, денеге жабысып тұрған ауыр кимінің ішінде болу оңай емес. Күйдіргіш от пен ащы түтін арасында жүріп, құтқару жұмысына өрт сөндіруші төтеп беруі керек. Өрт сөндіруші болу-жай ғана жұмыс емес. Бұл өмірлік миссия. Әр сәтте қауіппен бетпе-беп келіп, өз өмірімізді қатерге тіге отырып өзелерге үміт пен амандық сыйлаймыз. Ең бастысы, өз мамандығына адал қараған жан ғана нәтижеге қол жеткізеді, – дейді кейіпкеріміз.
Иә, адам өмірін апаттан алып шығуда құтқарушылардың еңбегі ұшан-теңіз. Халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Осы мамандықты таңдаған жүректі, білекті, тәжірибелі азамат Айдар Мурзабеков үнемі өзін жақсы жағынан көрсетіп, өз міндетіне жауапкершілікпен қарап бөлім басшылығы тарапынан берілген тапсырмаларды дер кезінде орындайды. Еңбегіне адал, елдің тыныштығы үшін жанын салып қызмет ететін ер азаматтармыз көбейе беруіне тілектеспіз.

Әли ТЕМІРБЕК


18 қазан 2025 ж. 1 029 0