Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Байқоңырда 53 жастағы азамат дарияға батып кетті

Байқоңырда 53 жастағы азамат дарияға батып кетті


Байқоңыр қаласында 53 жастағы азамат Сырдария өзеніне суға батып кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 9 ақпан сағат 18.30 шамасында орын алды. Байқоңыр қаласындағы «Маяк» спорт кешені тұсында 1968 жылы дүниеге келген азамат дарияға батып кеткен.
Байқоңыр қаласында тұрған азаматты іздестіру жүмыстарына 4 құтқарушы жұмылдырылды.
«Дарияға балық аулау мақсатында қайықпен 4 адам шыққан. Мұз жарылып, бір адам суға батып кетеді. Қасындағы адамдардың оны құтқаруға мүмкіндігі болмаған. Төтенше жағдайлар департаментіне бұл жөніндегі хабар 20.00 шамасында түскен. Қазір оқиға орнында 2 құтқарушы, 2 сүңгуірлер тобы бір қайықпен іздестіру жұмыстарын жүргізуде», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
10 ақпан 2022 ж. 503 0