Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бейнетті сүйгенге бақ қонады

Бейнетті сүйгенге бақ қонады


«Еңбек – әлемнің әміршісі» деген мәтелдің құрғақ сөз емес, адам өмірінің мәні екендігін бәрінен бұрын қарапайым еңбек адамы жақсы біледі десем қателеспеймін. Бала кезімнен ырзық көзі – жер-ананың тілін тауып, жемісін көрген диқан ретінде де, есейе келе бірнеше кәсіптің көзін үйлестіріп, жаңаша технологияны игілікке икемдеген заманауи менеджер ретінде де интеллектуалды дамудың негізі – үздіксіз кәсіби кемелденумен байланысты екеніне нақты көзімді жеткізген жанмын.


Машбек Нәлібаев атындағы ауылдық округте 174 түтін, 1077 халық бар. Ауылда 13 шаруақожалығы, 30-ға жуық жеке кәсіпкерлік нысан есепте тұра­ды. Олардың ішінле ең үлкен шаруа қожалығы ретінде саналатын «Бақытжан» шаруа қожалығын ашқанымызға отыз жылға жуықтады. Алғашында ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысып, егіндік пен мал өсіруге екпін бердік. Кейін келе ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалына дем беретін айшықты қадамдарға мүмкіндік туды. Атап айтқанда, архитектуралық талғаммен қазық түзеген алғашқы тойхана, қонақүй, жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған нысандар, май құю орталықтарын аштық. Мұнда барлығын қосқанда 60-70 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Орташа жалақы көлемі – 300-350 мың теңге аралығында. 2010 жылы туған ауылымда шағын диірмен цехын орнатып, алғашында ұн тартумен айналыстық. Қазір кәсіпорын кеңейіп, тәулігіне 20 тонна ақ күріш шығарады. Астық экспорты Әзірбайжан, Қырғызстан еліне де шығарылуда.
Ауыл агроөнеркәсібін өркендетуде мал тұқымын асылдандыру, төрт түліктің айрықша сұрыптарын жерсіндіру бойынша фермерлік әдіс-тәсілдеріміз өз нәтижесін беріп келеді.
Табысты адам – елдің тірегі, сонымен қатар сапалы ұлт негізін қалыптастыруда мәдени-руха­ни орталықтарға материалдық тұрғыдан қамқор болуы керек деп есептеймін. Өркениетті ауыл – ол біріншіден таза, тұрғындары түгел табысты тірлікке жұмылған, бос уақытында кемшіліксіз эстетикалық кеңістікте еркін де жайлы тыныс алатын ахуалы­мен айрықшаланады. Туған ауылымызды осындай деңгейге жеткізу – әрбіріміздің асыл міндетіміз. Осы бағытта ауыл орталығынан кітапхана үйін ашып беріп отырмын. Сондай-ақ, туған ауылымыздың перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың атында музей үйі ашылды. Бұл шаңырақ кең даласының ақ топырағында өсіп-өніп, кемел көкжиекке көз тіккен туған жердің әрбір өренінің жүрегіне үлгілі оқумен, үздіксіз еңбектеніп, алға ұмтылумен ұлт бағына қызмет жасар осындай биікті бағындыруға болатынына шынайы бағдар берер жарқын мысал ретінде қасиетті орынға айналарына үміт мол.
Қоғам мүшелерінің бір-біріне қалтқысыз қам­қорлығы – қуатты дамуымызға жол ашары белгілі. Осы тұрғыда әлеуметтік тұрмыс-күйі төмен, мүмкін­дігі шектеулі жандарға демеу болып, қайырымды­лық көмек жасап отырудан шет қалған емеспін. Жалғызілікті қарияларға баспана салып беріп батасын алғанымды көңіліме тоқ санайтынымды да жасырмаймын. Одан өзге күнделікті ел ішінде көмекке мұқтаж жандарға қолымнан келгенінше көлеңкемді түсіріп отыруға тырысамын. Қалталы жандар қабырғалы елдің қамын жеп, ынталы жастың қолына қармақ беріп, жарқын болашағына жол көрсетіп отырса мемлекеттік идеологиямыздың да орнықты жүзеге асына дем берер едік деп ойлаймын. Өйткені мұқтажы жоқ елдің мұңы болмайды.
Алақандай болса да ынтымағының арқасында ырыс пен берекеге қауышқан құтты мекенімде әр күнін қуанышпен қарсы алған ағайынның арқа сүйеген азаматы ретінде тағдырыма ризамын. Еңбекті қадір тұтқан кез келген жан осы биіктен табылатынына толықтай өмір жолым дәлел.
Биылғы егіс науқаны осы бірлігіміз бен берекеге ұмтылған ықылас-ниетімізді тағы да дәлелдеп берді. Жұртымыз осы пейілінен танбасын. Жақсылықтарға жете берейік дегім келеді.

Әлібек Нәлібаев,
«Құрмет» орденінің иегері

05 қараша 2025 ж. 817 0