Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Өнертапқыш өрен

Өнертапқыш өрен


Техника әлемі – табандылық пен ізденісті, дәлдік пен тиянақтылықты талап ететін ерекше сала. Бұл бағытқа қызығушылық танытқан әр жас – ертеңгі инженер, өнертапқыш, ел дамуына үлес қосатын тұлға. Осындай талап пен талпынысты ұштастырып жүрген жас жеткіншектің бірі – Жаңақорған аудандық оқушылар үйінің “Робототехника” үйірмесінің мүшесі Бұрханұлы Азамат.


Ол техникаға деген ынтасы мен еңбегінің арқасында аудан ғана емес, облыс көлемінде де дараланып, техника­лық шығармашылық және өнертапқыш­тар республикалық байқауының аудан­­дық және облыстық кезеңдерінде «Радио­мен басқарылатын көлік модельдері» номинациясы бойынша І дәрежелі дип­ломды иеленіп, республикаға жолдама алды.
Азаматтың бұл жетістігі – кездейсоқ нәтиже емес, күнделікті ізденіс пен ең­бектің, ұмтылыстың көрінісі. Ол өткен жылы дәл осы байқауда облыс көлемінде 3-орын иеленген болатын. Ал биыл сол тәжірибеден сабақ алып, өз жобасын жетілдіріп, бірінші орынға қол жеткізді.
Жас өнертапқыштың еңбегі облыс деңгейінде жоғары бағаланып, Қоста­най қаласында өткен республикалық кезең­ге қатысу құқығын жеңіп алды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған үздік өнертапқыштардың арасында Азамат өз идеясын сенімді қорғап, ұйымдас­тырушылар тарапынан арнайы серти­фикатпен марапатталды. Бұл – тек бір оқушының жеңісі емес, ауданның, ұстаз бен ата-ананың ортақ мақтанышы.
Оның бұл жетістікке жетуінде үйірме жетекшісі Кадиров Дастанның еңбегі ерекше. Ол шәкіртінің қабілетін ерте байқап, оған бағыт-бағдар беріп, әрбір бөлшек пен сызбаға дейін мұқият жұ­мыс істеуге баулыды. Дастан ұстаздың айтуынша, Азамат – өз ісіне тиянақты, жаңа нәрсені тез меңгеретін, ойлау қабілеті жоғары оқушы.
«Робототехника – болашақ мамандық­тардың бірі. Азамат секілді балалар­дың қызығушылығын ерте ояту – елдің техникалық әлеуетін арттыруға жасалған үлкен қадам», – дейді ол.
Азаматтың жетістігінің артында үлкен қолдау бар. Әкесі Абламитов Бұрхан ұлының техникаға деген қызығушылығын кішкентай кезінен байқап, оған бағыт беріп келеді.
Ол – көпбалалы отбасындағы бесінші бала. Үй ішіндегілер оның әр жетістігіне қуанып, мақтаныш етеді. «Ұлымыздың ізденісін қолдау – ата-аналық парызымыз. Азаматтың табысы – бәрімізге қуаныш», – дейді анасы, күміс алқа иегері Гүлзада.
Қазір Азамат №110 мектептің 10-сы­нып оқушысы. Ол сабақтан тыс уақытта үйірмеге барып, жаңа жобалар жасауға, электронды құрылғылармен тәжірибе жасауға көп уақыт бөледі. Болашақта инженер немесе бағдарламашы болуды армандайды.
«Маған техникамен жұмыс істеу, ойлап табу, жаңа нәрсе жасау ұнайды. Радиомен басқарылатын көліктерді құрастыру – қызықты әрі шыдамдылықты қажет ететін іс. Болашақта өз жобаларымды өндірістік деңгейге шығарғым келеді» дейді жас өнертапқыш.
Соңғы жылдары білім мен шығар­машылықта жетістікке жеткен өрендеріміз аз емес. Солардың қатарындағы Бұрханұлы Азаматтың табысы – ауданның техника­лық бағыттағы жеткіншектерінің әлеуетін көрсетеді. Осындай дарынды, еңбекқор жастарды қолдап, олардың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру – қоғам дамуының басты кепілі. Азаматтың бүгінгі жеңісі – ертеңгі инженерлік жаңалықтарға бастар жол. Ол техника тетігін меңгеріп қана қоймай, өз ұмтылысы арқылы қатарластарына да шабыт беріп отыр.
Қорытындылай келгенде, Бұрханұлы Азамат – Жаңақорғанның мақтанышы, еліміздің болашағына үлес қосар жас өнертапқыш. Оның табандылығы мен еңбекқорлығы – жас ұрпаққа үлгі.

Әсел РЗАЕВА

05 қараша 2025 ж. 835 0