№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ҚОС АУЫЛДЫҢ ҚУАНЫШЫ

ҚОС АУЫЛДЫҢ ҚУАНЫШЫ



Сырдария ауданында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинары барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Іс-шараға Сыр өңіріне арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, ведомство басшылары, барлық облыс әкімінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары және ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.

Аймақ басшысы ауылды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсат­тарының бірі екенін атап өтті.
– Өздеріңізге белгілі, елімізде Президентіміз­дің бастамасымен «Таза Қазақстан» республи­ка­лық экологиялық акциясы өтуде. Акцияға сырбойылықтар да белсенді атсалысып, туған жеріміздің көркейіп-гүлденуіне үлес қосуда. Елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігін жақсарту, көркейту-көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстарды ынталандыру, бағалау мақсатында былтырдан бері «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсын қолға алдық. Өткен жылы конкурс 2 мәрте өткізілді. Жеңімпаздарға облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд. теңгеге күнделікті тұрмысқа қажетті 29 арнайы техника табысталды. Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы аудан орталықтары мен ауылдар арасында дәстүрге айнала бермек, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Айта кетейік, осы жолғы байқауға облыстық бюджеттен 564 млн теңге қаржы бөлінді. Зиялы қауым өкілдерінен, облыстық мәслихат депутаттарынан, қоғам белсенділерінен құралған тәуелсіз сарапшылық комиссия жеңімпаздарды анықтап, әділ бағасын берді.

«Үлгілі аудан» номинациясы бойынша Сырдария ауданының Тереңөзек кенті үшінші орын, Шиелі кенті екінші орын, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті бірінші орын алды. «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша Арал ауданының Аманөткел ауылы үшінші орынды, Жаңақорған ауданының Қожакент ауылы екінші орынды, Жалағаш ауданының Еңбек ауылы бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға 436 млн теңгенің 19 арнайы техникасы табысталды.

Айтулы шарада «Үлгілі елді мекен» но­минациясы бойынша тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін үлгілі ауылдардағы абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн теңгенің сертификаттары берілді. Марапат Арал ауданының Қосжар ауылына, Қазалы ауданы­ның Өркендеу ауылына, Қармақшы ауданының Қармақшы ауылына, Жалағаш ауданының Аққыр ауылына, Сырдария ауданының Айдарлы ауылына, Шиелі ауданының Ортақшыл ауылына, Жаңақорған ауданынан Өзгент ауылына табысталды.
Еске салсақ, биыл коммуналдық және абаттандыру мекемелеріне 73 техника алынса, жыл соңына дейін тағы да 33 арнайы техника әкелініп, ел игілігіне қызмет ететін болады.
«Үлгілі елді-мекен» атанған Өзгент ауылның әкімі Жанұзақ Мырзабаев:
– Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі байқауда топ жарып, ел игілігіне арнайы техника алуымыздың өзі зор қуаныш. Бұл ауылдың қызу тіршілігіне дем беріп, қыруар жұмысты атқаруға ынтамызды еселей түседі. Осындай қуаныш сыйлаған облыс әкімдігіне, аудан әкімдігіне ауылдастар атынан алғыс айтқым келеді, – деді.

ТҮЙІН. Биыл ауданымыз мал шаруашылығы бойынша облыста «Озат аудан» атанса, Қожакент – «Үлгілі ауыл», Өзгент «Үлгілі елді-мекен» атаулымын иеленді. Бұл да аудан үшін зор абырой. Осы тұғырдан таңбай, ілкімді істерді ілгерілете берейік.

Мақпал МАРҚАБАЙ
31 желтоқсан 2024 ж. 93 0