Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Үшінші бағыт: Жер игерілсе – игілік көп

Үшінші бағыт: Жер игерілсе – игілік көп


Жайылымдық жер мен егістік алқаптардың басым бөлігі кешегі күнге дейін жекелердің иелігінде болып, игерілмей келгені рас. Кейбіреуі сатылымға шығып, арзан бағаға пұлданып кеткенін білеміз. Ауыл айналасындағы жерлерге дейін бай-бағландардың қарауында болып келді. Салдарынан жайылым болмай, төрт түлік ауыл маңынан әрі аса алған жоқ. Осындай олқылықтардың барлығы рет-ретімен, кезең-кезеңімен шешімін тауып, қазір қараусыз қалған жерлер мемлекетке қайтарылуда. Қайтырлған жерлер қамқор қолдарға өтіп, пайдаға аса бастады. Бұл тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасы еді. Президент соңғы Жолдауында да жер мәселесіне айрықша тоқталды.


– “Жер – стратегиялық ресурс. Оның бар игілігі елді дамытып, халықтың тұрмысын жақсартуға арналуы керек. Мен игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы жерлерін кері қайтарып, оны қайта бөлу туралы тапсырма бердім. Жер иесіз қалмауға тиіс, жерді тек қана оның қадірін білетін азаматтарға беру керек”, – деді Президент.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы мәліметтеріне сүйенсек, 6,2 млн гектар қайтарылған жер ұқыпты игерушілерге берілген. Жыл басынан бері Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері 2,1 млн гектар аумақта жоспардан тыс 1 497 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1,6 млн гектар жер бойынша 1 112 нұсқама беріліп, 357,9 мың гектар игерілуде. Ал 44,9 мың гектарды мәжбүрлеп қайтару істері сотта қаралуда. 2025 жылы қайтарылуға тиіс 2 млн гектар жердің 1,67 млн гектары қазірдің өзінде мемлекет меншігіне қайтарылған. Президенттің тапсырмасына сәйкес, келесі жылдың ортасына дейін барлық қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері өндіріске енгізіліп, инвестициялық айналымға тартылып, жаңа жұмыс орындарын құруға пайдаланылуға тиіс. Бұл жергілікті халықтың жайылым тапшылығын азайтуға да ықпал етеді.
Бұл орайда Министрлік жерді қайта бөлу жоспарын әзірлеп, өңірлерге жолдапты. Оның басты басымдығы – ауыл тұрғындарының жайылымдық жерге деген сұранысын қанағаттандыру. Жер саясатының басым бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы жерлерін беру, мониторинг жүргізу және пайдалануды бақылаудың барлық кезеңдерін цифрлық форматқа көшіру. Осыған байланысты Жер кодексіне ауыл шаруашылығы жерлерін тек электронды форматта беруді қарастыратын өзгерістер енгізу бастамасы көтерілді. Басым бағыттардың қатарында жеңімпазды анықтау процесінен жер комиссиясын алып тастау, адами факторды жою балл автоматты түрде есептелетінін айтқымыз келеді.
Жолдауда 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылғаны айтылды. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестицияның көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы қажет деген тапсырма бар. Жалпы, жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажеттілігі бәрінен маңызды. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай, жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс делінді. Бұл салада цифрлық технологияларды кеңінен қолдану айрықша маңызды. Қазірдің өзінде космомониторинг және геоталдау жүйесі пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оның бәрін қайтаруға септігін тигізіп жатыр. Жұмысты жалғастыру қажет. Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек. Соның негізінде жердің сапасына, егіннің шығымына, дәнді дақылдардың жай-күйіне және қай жерге қандай дақыл егілгеніне терең талдау жасалуға тиіс.
Қолданбалы ауыл шаруашылығы ғылымын жедел өркендетпейінше агроөнеркәсіп кешенін ұзақ уақыт бойы қарқынды дамыту мүмкін емес. Бірақ бюджеттен қомақты қаржы бөлініп жатқанына қарамастан аграрлық ғылымның қайтарымы әлі де төмен болып отырғанын Президент алға тартты. Бұл бағытта Жаңақорған ауданында тындырымды тірліктер бар. Сыр өңірінде де жұмыс жүйелі жасалып жатқанын білеміз. Ағымдағы жылдың 5 айында 11950 гектар жерді қайтару жоспарланса, 33408 гектар жер қайтарылып, жоспар 2,8 есе артығымен орындалған. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рысбек Шайхиевтың айтуынша, облыс бойынша өзіндік қосалқы шаруашылықтардағы 153,8 мың бас шартты мал басына 1966,5 мың гектар жайылым алқабы қажет етіледі. Жалпы облыс бойынша 530,1 мың га жайылым жетпей, қамтамасыз ету деңгейі 73,0 пайызды құрап тұр.

Аудандағы ахуал

Жаңақорғанда да қателіктер қайта ретке келтіріліп, жерлер мемлекетке қайтарылуда. Бұл жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев баяндады.
– Мемлекет басшысы «Жер иесіз қалмауға тиіс, жерді тек қана оның қадірін білетін азаматтарға беру керек» – деді. Аталған тапсырмаға сәйкес, пайдаланылмай жатқан және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары ауданда тұрақты түрде жалғасуда. Мәселен, 2024 жылы аудан бойынша 4,3 мың гектар пайдаланылмаған және заңсыз берілген учаскелер мемлекетке қайтарылса, 2025 жылға 5,0 мың гектар жерді қайтару жоспарланды.
Бүгінгі таңда, 10 907 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылып, жоспарланған меже артығымен орындалды. Дегенмен, қосымша 8626 гектар жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде. Атап өту қажет, мемлекетке қайтарылған жер учаскелерін қайта айналымға енгізу мақсатында конкурс өткізілетін болады. Сонымен қатар бұл жерлер, ең алдымен, мал жаю жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ауыл тұрғындары арасында бөлінетін болады.
Әлі де атқарылатын жұмыс аз емес, – дейді жауапты сала басшысы. Айта кететіні, Жолдауда Президент жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет екендігін ерекше атап өтті. Бұл тұрғыда біздің ауданда қандай жұмыс барын білдік.
– Соңғы 3 жылда ауданда жер учаскелерін электронды сауда саттықта (аукционда) сату жолға қойылғаны рас. 2023-2025 жылдары барлығы 182 млн теңгені құрайтын 200 ден астам жер учаскелері электронды сауда-саттыққа шығарылып, жер пайдаланушыларға сатылды. Жер учаскелерін электронды сауда-саттықта сату 2021 жылы енгізілген болатын. Дегенмен, 2021 жылы бірде-бір жер учаскесі сатылмаса, 2022 жылы тек 1 жер учаскесі сатылды, – деді Т.Зейдалиев.
Түйіндей айтқанда, қазір ел экономикасының негізгі драйверіне айналып келе жатқан аграрлы салаға аса мән беру үлкен қажеттілік. Бұл елдегі әлеуметтік ахуалдың реттелуіне және отандық өнімнің қалыптасуына жаңа серпін береді деп сенеміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
07 қазан 2025 ж. 817 0