Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ЖАЙЫЛЫМДЫҚ НЕГЕ ЖЕТПЕЙДІ?

ЖАЙЫЛЫМДЫҚ НЕГЕ ЖЕТПЕЙДІ?

Жайылымдық жердің жыры жыл сайын жақсарып келе
жатқандай көрінеді. Бірақ толық шешілді деп айтуға келмейді.
Бұл мәселе біздің аудан үшін аса қажетті. Өйткені 80 мыңнан аса
халқы бар Жаңақорғанның жартысынан көбі төрт түлікпен күнелтіп
отыр. Тіршілігі біте қайнасып, нәпақасы малдың өнімінен алынуда.
Сондықтан жайылымның аздығы шаруалардың шымбайына
батып жатқаны рас. Біз бүгін осы мәселе төңірегінде тарқатып,
жайылымның келешегі не болмағын білуге тырыстық.
Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт
Тоқаев 2021 жылы өткен Үкіметтің кеңейтілген
отырысында көтеріп, бірқатар нақты тапсырма
берген болатын. Мемлекет басшысының
Жолдауларында да жайылым мәселесін шешу
қажеттігі жиі айтылды. Осы орайда,
«AMANAT» партиясының жанынан құрылған
«Жер аманаты» комиссиясы жайылым мәселесін
шешу бағытында нақты жұмыстарды қолға
алды. Республикалық комиссия төрағасының
орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан
Базарбек Үкіметке бірнеше рет депутаттық
сауал жолдап, Парламент қабырғасында бұл
саладағы олқылықтарды қатаң сынға алған еді.
Расында да жайылым мәселесінің өте күрделеніп
кеткені соншалық, елімізде жайылымға ыңғайлы
аумақтардың жекенің қолына өтіп кеткенінің
саны мен көлемінің нақты есебі жоқ. Қалай
болғанда да заң жобасы Сенатқа ұсынылды.
АЙМАҚТАҒЫ АХУАЛ
Бүгінде ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары басқармасы облыстың
стратегиялық ресурсын ұтымды пайдалану
жөніндегі міндеттер кешенін іске асыруды
жалғастыруда. Соның негізгісі – елді мекендер
айналасындағы жайылымдық жерлердің
тапшылығын азайту. Қазіргі таңда облыс
бойынша 1966,5 мың гектар жайылым қажет
болса, бүгінде оның 73 пайызы қамтамасыз
етілді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы
және жер қатынастары басқармасының басшысы
Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына
сәйкес, пайдаланылмаған немесе заңсыз
пайдаланудағы жерлерді мемлекетке
қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау
мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Мәселен, жыл басынан бері 225,4 мың гектар
жер шаруашылықтардан қайтарып алынып,
бекітілген
жоспар
112 пайызға
орындалды.
Бұл бойынша
әкімдіктер тұрғындармен
кездесулер
өткізіп, түсіндірмелер
берілуде. Сондай-ақ барлық
шаруашылық басшыларына
жылына 2 рет халық алдында
есеп беру жиналысын өткізу
бойынша тапсырма берілді. Ауылдық
елді мекендердегі тұрғындардың жеке
мал басын жайылыммен қамтамасыз ету
үшін мыңнан астам шаруашылықпен келісім
жүргізілді. Оның ішінде, 630,6 мың гектар
жайылымдық алқаптары, 124,2 мың гектар
егістік алқаптарын маусымында кедергісіз
пайдалануға шаруашылық басшыларымен
келісім жасалды, – деді басқарма басшысы.
ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ
ЖАЙЫЛЫМЫ...
Енді ауданға оралайық. Бірінші кезекте
аудандық ауылшаруашылығы және жер
қатынастары бөліміне жол тарттық. Бізде
ауыл шаруашылық жері 457 092 гектар болса,
соның жайылымдық
жер көлемі 107 304
гектарды құрайды.
Қолдағы мәліметте
аудандық мәслихаттың
2022-2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспар
бекітілгені көрсетілген. Жауапты
мекеме тарапынан жұртшылықтың мал
жайылымына талдау жүргізілгені жазылды.
Игерілмей тұрған жерлер міндетті түрде
мемлекетке қайтарылады, сосын ауылдан 5
шақырымнан ары жерлер пайдалануға беріледі.
Ал, оған дейінгі 5 шақырым ауыл малының
азығына айналады. Осыны да ұмытпаған жөн.
---
27 қаңтар 2024 ж. 153 0