Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Кенеге қарсы залалсыздандырудың күзгі маусымы

Кенеге қарсы залалсыздандырудың күзгі маусымы


Жаңақорған ауданы  бойынша кенеге қарсы залалсыздандырудың күзгі маусымы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қолайсыз деп есепке алынған 13 елді мекенде жүргізілуде.

Аудан бойынша 2025 жылғы 9-шы қыркүйегінде  басталған бұл өңдеу жұмыстары қазан айының 3-ші жұлдызына дейін жалғасады. Кенеге қарсы дәрілеу шаралары қолайсыз елді мекендердегі мал қоралары, буферлік зоналар мен санитариялық-қорғаныс  аймақтарын қамтиды.
Көктемгі өңдеу қорытындысымен тиімділік көрсеткіші аудан бойынша  мал қораларында 100 пайыз болса, мал бастарына жүргізілген өңдеу сапасы да 100 пайызды құрады.  90 пайыздан төмен болып анықталған елді мекендер болған жоқ, егер болғанда қайтадан нүктелік өңдеу жасалып, талапқа сәйкестендірілетін еді.
Өңдеу жұмыстарын жүргізу алдында қора-жайларда механикалық тазалық жұмыстарын жүргізу аса маңызды, бұл дезинфекциялау шараларының тиімділігін арттырады. Жаңақорған ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйелі түрде тұрғындар арасында осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.  
Жыл басынан бері аудан бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына 2 күдікті жағдай тіркеліп, оның 1-і клиникалық-зертханалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы 14 күнге медициналық бақылауда болды, шағымданушылар анықталған жоқ.  Ауру ошақтарында эпидемиологиялық-энтомологиялық зерттеулер жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары жасалды.
Ағымдағы жыл басынан тұрғындар арасында 131 адам кене шағумен медициналық көмекке жүгініп, тиісті ем-дом жасалып, 14 күн бойы медициналық бақылауда болды. 
Жаңақорған ауданы  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы табиғатқа демалысқа шыққанда, егіндік, мал шаруашылығымен айналысқанда, сондай-ақ, балық аулау, далалық жағдайда еңбекпен шұғылданғанда келесі сақтану шараларын ұсынады:
  • мал қырқымы кезінде қырқымға қатысушылар қорғаныс киімдерімен жұмыс жасау, ұзын резеңке қолғап, алдына резеңке алжапқыш және ұзын қоныш етік кию;
  • кенелердің жабысуын болдырмауға арналған түрлі жақпа майлар, аэрозольдер түріндегі үркіткіш заттар (репелленттер) пайдалану;
  • табиғатқа шыққанда ауылшаруашылық малдарына, үй жануарларына  күтім жасағанда мейлінше ақшыл түсті жабық киім кию, шалбардың балағын етік ішіне немесе шұлық ішіне салып, жеңді түймелеп, кене кірмеу жағдайын жасау.
  • кенені жалаң қолмен ұстап, өлтірмеу;
  • санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық талаптарды орындау.

Аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан бастап дер кезінде медициналық  көмекке жүгіну – аурудың асқынуы мен өлім жағдайларының алдын алатынын есте сақтаңыз!

Бөлім басшысы Ж.Шайхысламов.
26 қыркүйек 2025 ж. 325 0