№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенемен күрес тоқтамайды

Кенемен күрес тоқтамайды


Қауіпті кене түрінің шағуымен облыста он екі жағдай тіркелсе, соның жартысы біздің ауданымызға тиесілі болып отырғаны осы тарапта жұмысты тоқтатпай, керісінше кенемен күрес шараларын кеңейте беруді қажет етеді. Осы орайда аудан әкімдігінде тиісті салалар басшылары және ауылдық округ әкімдерінің басын қосып, жиын өткізіп, алда атқарылатын жұмыстарды жүйелеп берген Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдару және шұғыл жұмыстар орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Сағитжан Мешітбек алдағы міндеттерді егжей-тегжейлі таныстырды.

Конго-Қырым қанды гемаррогиялық қызбасымен есепке алынған ең соңғы жағдай тамыз айының басында тіркелген.Дегенмен қатерлі зиянкеспен түпкілікті күрес жүргізу науқаны нәтижелі жалғасын табуы тиіс.
Аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов осы бағытта жұмысты жауапкершілігіне алған мердігер тарапқа жұмысты тыңғылықты атқаруды тапсырды. Бұл бағытта ауыл әкімдеріне қадағалауды күшейтіп, ауылдағы әрбір тұрғынның малына өңдеу екі кезеңнен жүргізілетініне, әр үйдің мал басын түгел дәрілеуді ұйымдастыруға тапсырма берді.
Аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының басшысы Шынар Айдарова төмедегіше баяндады:
– Ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қолайсыз деп есепке алынған 15 елді мекенде күзгі кенеге қарсы залалсыздандырудың екі кезеңмен 13 қыркүйектен бастап 7-ші қазан айы аралығында жүргізіледі. Кенеге қарсы дәрілеу шаралары қолайсыз елді мекендердегі мал қоралары, буферлік зоналар мен санитариялық-қорғаныс аймақтарын қамтиды.
Жыл басынан бері аудан бойынша аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына 9 күдікті жағдай тіркеліп, оның 6 клиникалық-зертханалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды. Атап айтқанда Құттықожа ауылында -2 жағдай, Қожакент, Жаңақорған кенті, Сунақата, Төменарық ауылдарынан 1 жағдайдан анықталды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы 14 күнге медициналық бақылауда болды, шағымданушылар анықталған жоқ. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық-энтомологиялық зерттеулер жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары жасалды.
Осы жылдың басынан тұрғындар арасында 306 адам кене шағумен медициналық көмекке жүгініп, 14 күн бойы медициналық бақылауда болды.
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы табиғатқа демалысқа шыққанда, егіндік, мал шаруашылығымен айналысқанда, сондай-ақ, балық аулау, далалық жағдайда еңбекпен шұғылданғанда қатаң сақтану шараларын ұстау керек.
Олар мал қырқымы кезінде қырқымға қатысушылар қорғаныс киімдерімен жұмыс жасап, ұзын резеңке қолғап, алдына резеңке алжапқыш және ұзын қоныш етік киюі қажет, кенелердің жабысуын болдырмауға арналған түрлі жақпа майлар, аэрозольдер түріндегі үркіткіш заттар (репелленттер) пайдалану қажет.
Табиғатқа шыққанда ауылшаруашылық малдарына, үй жануарларына күтім жасағанда мейлінше ақшыл түсті жабық киім кию, шалбардың балағын етік ішіне немесе шұлық ішіне салып, жеңді түймелеп, кене кірмеу жағдайын жасау.
– кенені жалаң қолмен ұстап, өлтірмеу, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық талаптарды орындау қажет.
Аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан бастап дер кезінде медициналық көмекке жүгіну – аурудың асқынуы мен өлім жағдайларының алдын алатынын есте сақтаңыз. Осы бағытта келесі сақтану шараларын ұсынамыз:
Мал қырқымы кезінде қырқымға қатысушылар қорғаныс киімдерімен жұмыс жасау, ұзын резеңке қолғап, алдына резеңке алжапқыш және ұзын қоныш етік киюі қажет. Кенелердің жабысуын болдырмауға арналған түрлі жақпа майлар, аэрозольдер түріндегі үркіткіш заттар (репелленттер) пайдалануға тиіспіз.
Табиғатқа шыққанда ауылшаруашылық малдарына, үй жануарларына күтім жасағанда мейлінше ақшыл түсті жабық киім кию, шалбардың балағын етік ішіне немесе шұлық ішіне салып, жеңді түймелеп, кене кірмеу жағдайын жасау маңызды.
Кенені жалаң қолмен ұстап, өлтірмеу керек. Санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық талаптарды орындауға шақырамын.
Аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан бастап дер кезінде медициналық көмекке жүгіну – аурудың асқынуы мен өлім жағдайларының алдын алатынын есте сақтайық, – деді ол.

Ақнұр ЖОЛДАСБЕК
11 қазан 2023 ж. 401 0