№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы улау жұмыстарының 2-ші кезеңі жайлы

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы улау жұмыстарының 2-ші кезеңі жайлы


Жаңақорған ауданы аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (әрі қарай – КҚГҚ) бойынша қолайсыз аймақтардың бірі болып саналады. Аудан бойынша 2024 жылға 18 қолайсыз елді мекен есепке алынып отыр.
Қолайсыз елді-мекендерде жылына 2 рет мемлекеттік тапсырыспен санитариялық-қорғау аймақтарында және буферлік аймақтарда, мал қораларында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңақорған ауданы бойынша 2-ші күзгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 19.09.2024ж.- 10.10.2024ж. аралығында жүргізіледі. 
Өңдеу жұмыстарын жүргізу алдында қора-жайларда механикалық тазалық жұмыстарын жүргізу аса маңызды, бұл дезинфекциялау шараларының тиімділігін арттырады.
Жаңақорған ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйелі түрде тұрғындар арасында осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.  
Жыл басынан бері облыс бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына аудан бойынша 8 күдікті жағдай тіркеліп, оның 5-і клиникалық-зертханалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды.
Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы 14 күнге медициналық бақылауда болды, шағымданушылар анықталған жоқ.  Ауру ошақтарында эпидемиологиялық-энтомологиялық зерттеулер жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары жасалды.
Ағымдағы жыл басынан тұрғындар арасында 196 адам кене шағумен медициналық көмекке жүгініп, тиісті ем-дом жасалып, 14 күн бойы медициналық бақылауда болды. 
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексінің 107 бабының 1 тармағында«Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті» деп көрсетілген.
       Яғни, әрбір жеке меншік қожалықта КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін аудан аумағында қора-жайлары бар елді-мекен тұрғындары үйіне іргелес қораларда механикалық тазарту, қоқыстарын шығару жұмыстарын және кене анықталған қораларда шұғыл түрде тұрғындар өз қаражаты есебінен құзырлы мекемелер күшімен дезинсекция жүргізуі міндетті.
      Жергілікті полиция қызметі тарапынан ауданды абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша, оның ішінде қора-жайлардан шыққан қоқыстарын (малдың қиларын) көшеге шығарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы рәсімделіп, айыппұл салынатыны ескертіледі!
Сонымен қатар Жаңақорған ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті табиғатқа демалысқа шыққанда, егіндік, мал шаруашылығымен айналысқанда, сондай-ақ, балық аулау, далалық жағдайда еңбекпен шұғылданғанда келесі сақтану шараларын ұсынады:
  • мал қырқымыкезіндеқырқымғақатысушыларқорғаныскиімдеріменжұмысжасау, ұзынрезеңкеқолғап, алдынарезеңкеалжапқышжәнеұзынқонышетік кию;
  • кенелердіңжабысуынболдырмауғаарналғантүрліжақпамайлар, аэрозольдертүріндегіүркіткішзаттар (репелленттер) пайдалану;
  • табиғатқашыққандаауылшаруашылықмалдарына, үйжануарларына  күтімжасағандамейліншеақшылтүстіжабықкиім кию, шалбардыңбалағынетікішіненемесешұлықішінесалып, жеңдітүймелеп, кенекірмеужағдайынжасау.
  • кененіжалаңқолменұстап, өлтірмеу;
  • санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялықталаптардыорындау.
Аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан бастап дер кезінде медициналық  көмекке жүгіну – аурудың асқынуы мен өлім жағдайларының алдын алатынын есте сақтаңыз!
Бөлім басшысы Ж.Шайхысламов.
10 қыркүйек 2024 ж. 348 0